№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

БАЙҒЫЗ


Бұл құстың шақыруын қазақ жаман ырымға балайды. Ажалдың хабаршысы ретінде қабылдайды. Қарғысқа ұшыраған қыз деп те айтады. Әйтеуір даусы ащы, жағымсыз. Көктем-жазда түн жамылып, ағашқа немесе бағанаға қонақтап алып, сұңқылдап, төңіректің тынышын бұзатын тынымсыз құс. Көнеден келе жатқан аңыздарға сенсек,  Сүлеймен пайғамбардың әйелі құс сүйегінен сарай салып бер деген тілегіне байланысты жер бетіндегі құс екеш құстың бәрін жинаса керек. Содан  құс атаулының тұмсығынан тесіп, тізбектей бастайды. Бұл жерге байғыз ғана келмегені белгілі болды. Пайғамбар дереу шақырту жіберіп, құсты алдырыпты.
О байғыз, шақырттым, келмедің. Менің үш шартым бар, егер жауап бермесен басыңды аламын, —дейді.
Ләппай тақсыр, сауалыңызды қойыңыз.
Әлемде тау көп пе, жазық көп пе?
Жазық көп. Алай-дүлей болғанда тау шағылып, тасқа айналып, жазыққа болады.
Олай болса, тірі көп пе, өлі көп пе?
Өлі көп. Тал түске дейін ұйқыда жатқанды өліге санаймын, —дейді байғыз.
Ал, енді үшінші сауалымды тыңда. Жалғанда еркек көп пе, әйел көп пе?
Әйел көп. Өйткені әйелдің сандырақ сөзін істейтіндерді еркек демеймін.
Сүлеймен бұған бөгеліпті. Бөгелгені сол, әйелі айтқан өтінішті орындаймын деген ниетінен қайтқан екен. Осылай құстың ішінде жалғыз байғыздың ғана тұмсығы тесілмей қалған көрінеді.
Жалпы, орнитологтардың зерттеуінше, жапалақ тәрізділер отрядына жататын бұл құстың арқа беті қоңыр теңбілді, бауыры ақшыл тарғыл, тұмсығы сүйір, имекті келеді. Ол жартас үңгіріне ұя жасап, 4-6  жұмыртқа салады. Жұмыртқаны мекиені бір айға жуық басады, балапанын 35-40 күнде ұядан ұшырады. Осы арада бір мәселе ашық айтылмайды. Байғыз қанша жыл өмір сүреді? Бұл орайда Нұртуған Кенжеғұлұлында мынадай өлең жолы бар:
Жалғанды қаламан жалғыз байғыз,
Он екі ай кетеді ұшып толғанына.
Ойласақ адамзаттың бірде-бірі
Дүниеде жетпей кеткен арманына, -дегеніне қарағанда байғыз небәрі бір жыл өмір кешеді. Осы уақыт аралығында бұл құс артына ұрпақ қалдырып үлгереді.
08 наурыз 2018 ж. 4 212 0