Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Журналист болғым келеді

Журналист болғым келеді


Журналистиканы қиындығымен қызығы көп, ізденісті, шеберлікті қажет ететін, ақпарат пен дәлдікке, көркемдікке негізделген мамандық деп білемін. Дегенменде халық алдында жауапкершілігі мол мамандық.Бұл мамандықты таңдағанда арқаңа жауапкершілік ілінгенін сезінесің. Қазіргі таңда қай өркениеттің болсын қоғамы білікті журналист мамандарға зәру.
Тәуелсіз Қазақстаным үшін де шындық пен әділдікті қатар ұстап, елім деп еңбек ететін мықты маман қажет екені сөзсіз де ұғынықты. Қоғамды алға сүйрейтін — журналистер деген халық ауыз сөзі бекер емес. Өзім — өзім дейтін, сағат өлшеп жұмыс істейтін адам емес, елім дамысын деп бар күш қайратын салатын маман нағыз өз жұмысының иесі деп білемін.
Өзім де сондай журналист болуды, көз бен сөзге ілінбеген мәселелерді су бетіне шығарып шешімін таба алатын маман болуды мақсат етемін. Өзім оқуды армандайтын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлының: «Егер жауынгердің бір оғы бір ғана адамды өлтіретін болса, журналистің байқамай айтқан бір сөзі миллиондардың рухын сындыруы мүмкін. Болмаса, керісінше, журналистің бір сөзі миллиондардың рухын көтеруі мүмкін»- деген сөзі үнемі ойымда жүр.
Дарын ӨСЕРБАЙ
№209 Ә.Әбуталипов атындағы орта мектеп оқушысы
30 маусым 2025 ж. 461 0