АУДАН ӘКІМІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ МЕН ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін аудан әкімі Мажит Самитов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай түрлі салада еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандық иелері мен еңбек адамдарын қабылдап, арнайы дайындалған сыйлықтары мен гүл шоқтарын табыс етіп, ардақты жандарды айтулы мерекелерімен құттықтады.
-Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ерекше мереке қарсаңында өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Көктемнің шуақты күндері Өздеріңіздей құрметті жандардың мерекесімен бастау алатыны белгілі.
Сіздер тек отбасы шаңырағының ғана емес, тұтас Отанымыздың тірегі, бірлігіміздің алтын діңгегі болып табыласыздар. Біріңіз теміржол, мәдениет, ауылшаруашылығы салаларында қажырлы еңбек етіп зейнетке шықсаңыздар, енді біріңіз өндіріс, коммуналдық саласында, кәсіпкерлікте және өзге де бағыттарда қызмет етіп, ауданымыздың әлеуметтік - экономикалық, мәдени-рухани дамуына үлес қосып келесіздер.
Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жарияланды. Осыған орай, мереке қарсаңында өз ісіне адал, кәсіби біліктілігімен және қажырлы еңбегімен ерекшеленген жұмысшы мамандары мен қарапайым еңбек адамдарымен кездесіп, құрмет көрсету мақсатында осындай қабылдау жасауды жөн көрдім. Бұл марапат – сіздердің еңбектеріңізге деген шынайы құрметіміз бен алғысымыздың белгісі.,- деді аудан басшысы.
Сонымен бірге, мерекелік қабылдауға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов, кенттік ардагерлер кеңесінің төрағасы Серқожа Ыдырысов қатысып, ізгі тілектерін жеткізді.
Кездесу соңында ардақты аналар мерекеде құрметке бөленгендеріне алғыстарын айтып, ауданның өркендеуіне тілектестігін білдірді.