"Мәдениет - мәңгілік мұра"

Бүгін М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде мәдениет саласы бойынша 2024 жылдың қорытындысына арналған "Мәдениет - мәңгілік мұра" атты есепті шарасы өтті.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әбілқайыр Әбілпаттаұлы Сыздықов 2024 жылдың атқарылған жұмыстарын қорытындылады және алдағы міндеттер туралы хабарлама жасап, мәдениет саласы қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тіледі. 2024 жыл қорытындысымен Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Арман кенттік мәдениет үйінің әдіскері Қарабекова Шакизат Тастанбекқызы және Сунақата ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сәдірбаева Роза Төлегенқызы марапатталды. Сондай-ақ, бір топ сала қызметкерлері облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының, аудан әкімінің және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының Алғыс хаттарымен марапатталып, салалық кәсіподақ ұйымы тарапынан сый-сияпаттар табыс етілді.
Шара барысында сала жұмыстарының негізгі көрсеткіштері бейнеленген бейнероликтер көрсетіліп, халықтық өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.