Аудан әкімі Мажит Самитов мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесті

«Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы», мәдениет саласы ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы Набихан Шалапов, Бесарық ауылдық клубының директоры Жәнібек Сыздықов, аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры Әсемкүл Тілеубергенова өз ұсыныстарын жеткізді.
Жиын барысында мәдениет үйлері мен клубтар жанынан ашылған "Адал адам" мәдени тәрбие орталықтары мен түнгі кітапхана қызметі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар айтылды. Кездесу шарасының соңында аудан әкімі аудандық мәдениет үйіне сыйға компьютер табыс етіп, сала қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.