Мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды
М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған «Мәдениет – мәңгілік, өнер - өміршең» атты мерекелік салтанатты шара аудан көлемінде аталып өтті.
Шараны аудан әкімінің міндетін атқарушы Шәріпбеков Бекболат Жүнісәліұлы ашып, түрлі деңгейдегі мәдени шараларды ұйымдастыруда қалтқысыз қызмет атқарып, аудан халқын өнермен сусындатып жүрген мәдениет саласы қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, «Қазақ тілі қоғамы» халықаралық ұйымының Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы Изатулла Нарзилдаұлына Құрмет грамотасын табыс етіп, Гүлнар Орынбасарқызын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет грамотасымен» Жадыра Сәдібекқызын, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Асемкүл Манапқызын және Шакизат Тастанбекқызын марапаттады.
Сондай–ақ, аудан әкімінің м.а. Б.Шәріпбеков бірқатар мәдениет және өнер қызметкерлеріне облыс әкімінің және облыстық мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хаттарын табыс етті.
Салтанатты шарада сөз алған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Сыздықовпен «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Арман Әбілпейісұлы бір топ сала қызметкерлеріне алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыстады.
Салтанатты шара аудан өнерпаздарының төл мерекеге арналған концерттік бағдарламасымен жалғасты.