№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Елімізде алғаш рет «Ауыл мектебі» фотокөрмесі өтеді

Елімізде алғаш рет «Ауыл мектебі» фотокөрмесі өтеді


Бүгін «ÓzgeEpic» креатив хабында ауылдағы білім ошақтарының тыныс-тіршілігіне арналған «Ауыл мектебі» фотокөрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Көрме шалғай ауылда орналасқан бір мектептің өмірі мен өзгерістерін сипаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрменің басты идеясы – өңірлердегі білім ошақтарының жаңа технологияларды игеруін, бәсекеге ұмтылысын, елдімекеннің дамуына тигізген әсері мен жергілікті тұрғындардың болмысы мен күнделікті тіршілігін айшықтайды.
Фотокөрме «ÓzgeEpic» креатив хабының бастамасымен және ұйымдастыруымен және Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры (furo.kz) қолдауымен жүзеге асты. Атап өтерлігі, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры  елімізде ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы теңсіздігін азайтуға бағытталған жобаларды іске асырады.
Жоба кураторы –  Тоғжан Құрманжанқызы. Жобаға танымал фотосуретшілер Әйгерім Бегімбет және Сәбина Әбдімәлік шақырылды.
Әйгерім Бегімбет – журналист әрі фотосуретші. «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы. «Үркер» ұлттық сыйлығының лауреаты. «Тіршілік», «Түркістан әйелдері» фотокөрмелерінің авторы.
Сәбина Әбдімәлік – суретші-фотограф. Фотожұмыстары Алматы, Атырау, Астана қалаларында қойылған. Сонымен бірге «Түсте» жеке фотокөрмесі өткен. Фотоөнермен қатар, деректі фильмдер түсірумен айналысады.
Көрме барысында фотосуретшілер  шығармашылық ойларын ортаға салып, көрменің бірнеше кейіпкерін таныстырады. «Ауыл мектебі» – шалғайдағы білім беру мекемелерінің зияткерлік әлеуетін көпшілікке танытуға, сондай-ақ ауыл мектептері мен оқушыларының дамуына жаңа серпін беретін бірегей шығармашылық жоба.
Өтетін орны: «ÓzgeEpic» креатив хабы, Астана қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі,  12А. Өтетін уақыты: 7 қараша, 16:00. +7 705 121 4689
08 қараша 2024 ж. 190 0