№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған ауданында жаңа мектеп ашылды

Жаңақорған ауданында жаңа мектеп ашылды

«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында Конституция және Білім күні қарсаңында Жаңақорған ауданының "Байкенже" ауылында 150 орындық мектеп пайдалануға берілді.Жаңа білім ордасының салтанатты ашылуына аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, жұртшылыққа ізгі тілегін білдіріп, ауыл тұрғындарының игілігіне арналған жаңа ғимараттың пайдалануға берілуімен құттықтады.

«Бүгін, қос мереке қарсаңында жаңа білім ошағының салтанатты ашылу рәсіміне жиналдық. Президентіміздің, Үкіметтің Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында соңғы жылдары білім саласында маңызды жобалар жүзеге асырылып, заманауи жаңа білім ошақтары көптеп бой көтеруде. Екі жыл бұрын облыс бюджеті 364 млрд. теңге болса, бүгінде 733 млрд. теңгеге жетті. Бұл қаражат ірі инфрақұрылымдық жобаларға, жол салуға, ауыз су, электр, газ желілерін жеткізуге, ескілерін жаңартуға, сөйтіп тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталды.

Әлеуметтік жобалар да назардан тыс қалмай, мектептер, қосымша білім және тәрбие беру орталықтары, емдеу мекемелері, мәдениет нысандары салынуда. Биыл білім саласына бөлінген қаржы 262 млрд. 100 млн. теңгеге жетіп, облыс бюджетінің 35,8 пайызын құрады.

Президент бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын 21 мектептің 10-ының құрылысы биыл аяқталады, тағы 11 мектеп келер жылы пайдалануға беріледі. Оның 2-еуі Жаңақорған ауданында бой көтереді.

Бүгін пайдалануға берілетін мектеп құрылысы былтыр басталған. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 936 млн. теңге қаралды», – деді аймақ басшысы.

«AMANAT» партиясы білім саласын дамыту мен жас ұрпақтың сапалы білім алуы бағытындағы жұмыстар әлі де жалғасын таппақ.
05 қыркүйек 2024 ж. 486 0