Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жаңалығы өндіріске енген ғалым – бақытты

Жаңалығы өндіріске енген ғалым – бақытты


Сыр елі – жыр елі ғана емес, елдің абыройын көтеріп, даңқын шығарған азаматтарымен де еңсесі биік. Сондай перзенттің бірі, есімі дүние жүзіне мәшһүр ғалым Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген агрономы, Қазақ ССР Министрлер Кабинеті Мемлекеттік сыйлығының иегері Сейфолла Әбдірайымов.


Ол 1939 жылы 25 наурызда Жаңақорған ауданында дүниеге келді. Әкесі Әбдірайым араб тіліне жетік, көзі ашық, білімдар, сталиндік қуғынға ұшырап ондаған жыл айдауда болған, ал анасы Бегайым ел арасында тура мінезімен сыйлы, ауыл-аймаққа белгілі кісі еді. Осындай отбасында өскен Сейфолланың өмір жолы шежіреге толы.
Енбек жолын 1961 жылы Созақ ауданы Энгельс атындағы шаруашылықта бас агроном кызметінен бастады. Ал ғылым әлеміндегі кадамы Одесса ауыл шаруашылығы институты­ның аспирантурасында бастау алды. Осында көпшілікке белгілі "Ботаника" оқулығының авторы, профессор Федор Константинович Тихомировтың жетекшілігімен Бессарабия даласындағы табиғи жайылымдарды пайдалану жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіп, оны мерзімінен бұрын ойдағыдай аяктайды. Бұл ғылыми деректері академик И.В.Лариннің "Шалғындық жайылым шаруашылығы" атты кітабына енгізіледі.
Ғылым кандидаты атанған балаң жігіт 1965 жылдың тамыз айына дейін Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы министрлігінде жауапты қызмет атқарды. Осы кезде жоғары қарқынмен дамып келе жатқан қаракөл шаруашылығының жемшөп базасын шешу өзекті мәселелердің бірі еді. Соған орай жас ғалым Шымкент каласына, жеке отау құрғанына көп бола қоймаған Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жайылым және жемшөп бөлімінің меңгерушісі қызметіне шақырылады. Сонымен қызығы мен киындығы қатар жүретін ғылым жолы соқпақты арнасына түседі.
Табиғи жайылымның ұшан-теңіз екеніне қарамастан қаракөл шаруашылығын тұрақты дамытудың жолы – жайылымдарды тиімді пайдалану және олардың өнімділігін көтеру екендігін жақсы түсінді. Осыған орай көп жылдарға арналған ғылыми бағдарлама жасап, оны іске асыруды тәжірибе учаскесін ұйымдастыру жұмысынан бастады. Осылайша аты бүгінде көп елдерге белгілі "Бақты өлең" учаскесі құрылды. Алғашқы рет Мойынқұм, Қызылқұм және басқа жайылымдық алқаптарға ғылыми-экспедиция ұйымдастырылып, жабайы өсімдіктер­дің тұқымы жиналды. Олардың биологиялық-шаруашылық қасиеттерін тексеру үшін, сондай-ақ агротехникалық тәсілдерін зерттеуге арналған тәжірибе жұмыстарына кірісті. Жайылымды тиімді пайдалану жөніндегі іргелі зерттеулер қолға алынды. Көп ұзамай-ақ алғашқы нәтижелер де бой көрсетті. Изен, теріскен екпе егісін, кара сексеуіл белдеулерін бірінші болып көрген СССР Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі қаракөл шаруашылығы Бас басқармасының сол кездегі бастығы Мұса Жақыпұлы Мұханов "Бұл шөл далада екпе жайылым өсіру-ғылымға қосылған үлкен жаңалық екен" деген болатын.
Профессор Федор Константинович Тихомиров өз шәкіртінің алғашқы қадамдарының дұрыс бағытта екенін айта келіп "Егер республикада жемшөп, жайылым мәселесін шешу міндеті түбегейлі қойылса, оның ең дұрыс жолы екпе жайылымдарды ұлғайту" деп пікір айтқан. Әрине, ол кезде шөл аймақта екпе жайылым жасау ісіне екінің бірі сене бермейтін. 1973 жылдың жазында облысқа келген Қазақстан Орталық Партия Комитетінің бірінші секретары, қазақ халкының алып зиялыларының бірі Д.Қонаев институтқа арнайы соғып, Сейфолла Әбдірайымұлының жетекшілігімен атқарылып жатқан жұмыстарымен танысып ризашылығын білдірген екен. Сол кісінің ұсынысымен Оңтүстік өңірде кактус өсімдігін сынау колға алынды. Алайда жергілікті жердің құрғақ ауасы, кытымыр аязы бұл өсімдіктің өсіп-өнуіне қолайлы болмады.
Осылайша зиялылардың берген бағасы жұлдызы жана бастаған жас ғалымға үлкен сенім арқалатты. Елге таныла бастаған ғалым 1972 жылы Монғол, 1974 жылы Иемен Ха­лык Республикасына, мал азығындық жемшөп қорын жасау жөнінде ғылыми кеңесші ретінде жіберілді. Осы елдерде жүргізген жұмыстары жоғары бағаланып, елге абыроймен оралған ол 1976 жылдан бастап ғылыми жетістіктерді өндіріске кеңінен енгізу шараларын қолға алды. Республикада тұңғыш рет бұрынғы "Задария", қазіргі А.Құлжабаев атындағы мемлекеттік асыл тұқымды мал шаруашылығында жабайы өсімдіктердің тұқым шаруашылығы ұйымдастырылды. Бұл шаруашылық 300-500 тоннаға дейін тұқым әзірлейтіндей дәрежеге жетті. Соның нәтижесінде республикада қоршалған жайылым көлемі 200 мың гектардан асты.
Екпе жайылымдар жасау біздің республикада ғана емес, басқа да елдің өңірлерінде қолдау тапты. Ғалымның басқаруымен Ресей Федерациясының Волгоград, Астрахань облыстарында, Қалмақ автономиялык республикасында, Азербайжанда және Қырғызстанның Ош облысында изен, теріскен екпе жайылымдары жасалынды. Осындай ерен еңбектері еленіп 1987 жылы С.Әбдірайымұлына "Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген агрономы" атағы берілді.
Ғылыми зерттеулерде де жоғары жетістіктерге жетті. Жақсы істі көре алмайтын таяз пыйғылдылардың түрлі әрекеті тұс-тұстан анталаған кез де аз болмады. Арыз-шағым, жала жабылған хаттардан көз ашпады. Алайда, "Аққа-құдай жақ" демекші, ол Орталық Комитеттен, "Правда", "Известия" газеттерінен, Бүкілодақтық жоғары аттестация комиссиясынан келген тексерулерден абыроймен ақталып шықты.
С.Әбдірайымұлы осындай қиыншылықтарға карамастан қарамағындағы қызметкерлердің тыныс-тіршілігіне жана ой, жана леп енгізіп, ғылыми зерттеулердін ауқымын кеңейте түсті. "Бақтыөлең" тәжірибе учаскесінде 280-нен астам өсімдік түрлері және үлгілері сыналып, олардың 20-ға жуығы өндіріске енгізілуге ұсынылды. Селекция жұмыстарының нәтижесінде бүгінде мол өнімді 10 сорт шығарылып, аудандастырылды. Бір текті және аралас екпе жайылымдар егістігін жасаудың технологиясы зерттеліп, өндіріске кеңінен енгізіле бастады.
90 жылдардан бастап құмды жайылымдарды тиімді пайдалану және өнімділігін көтеру мақсатында Қызылқұмда "Нәлібай", Мойынқұмда "Сызған" тәжірибе учаскелері құрыл­ды. Сонымен бірге жайылым өнімділігін қашықтан бақылау үшін жаңа зерттеулер жұмысы басталды. Осы жұмыстарды ұйымдастыруда ғалымның жетекшілік қызметі ерекше еді. 1990 жылы Сейфолла Әбдірайымұлы өзінің көп жылдық зерттеулерінің нәтижесін қорытындылап "Қазақстанның шөл жайылымдарын жақсарту және оны тиімді пайдаланудын теориялық және практикалық негіздері" деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. Бұл ауыл шаруашылығы ғылымына қосылған сүбелі үлес еді.
Ғалым Сейфолла Әбдірайымұлы сонымен қатар біраз таланттар бұлағының көзін ашып, оларды қажетті арнаға бұрып отырды. Оның жетекшілігімен 12 адам кандидаттық және докторлық диссертация қорғады. Олардың арасында В.В.Сафонов, Ә.Сейткәрімов, Т.Әбдіәлиев, Н.Есқараев және басқа шәкірттері бар.
Осы еңбектері үшін 1991 жылы оған "Өсімдік шаруашылығы" мамандығы бойынша профессор атағы берілді. Оның "Табиғи жайылымдарды пайдаланудың және жақсартудың жолда­ры" (1969), "Оңтүстік Қазақстанның жайылымдары" (1975) кітаптарын, сондай-ақ ұзын саны 240-қа жуық ғылыми-танымдық мақалаларын, екі кітапшасын, он беске жуық ұсыныстарын шаруашылық мамандары мен зиялы кауым жылы қабылдады. Осы еңбектердің мән-мазмұнына үңілсек, қай-қайсысы да бір-бірін толықтырып отырады. Әсіресе "Қазақстанның құрғақ аймақ жайылымдары" (1988) атты соңғы монографиясында мал азығындық өсімдіктердін биология­сы, экологиясы, оларды егіп-өсіру технологиясы, тұқым шаруашылығы жан-жақты қамтылған.
Ғылыми жетістіктерді насихаттау жөнінде Сейфолла Әбдірайымұлы қыруар жұмыстар тындырды. Ол 1979 жылдан бастап 1991 жылға дейін "Бақтыөлең" тәжірибе учаскесінде өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Халықаралық курсқа (БУУ-ЮНЕП) ғылыми жетекшілік етті. Бұл курстарда Азия, Африка, Латын Америкасынан 100-ден астам мамандар арнайы даярлықтан өтті.
"Бактыөлең" тәжірибе учаскесі жем-шөп шаруашылығы саласындағы ғылыми жетістіктерді тарату орталығына айналды. Кезінде, мұнда одақтық және республикалық партия және ауыл шаруашылығы саласы басшылары, сондай-ақ шетел ғалымдары доктор Лютер (АҚШ, Техас штаты), доктор Бенжамин, доктор Аллан Дген (Израиль), доктор Кеннен (Ұлыбритания), доктор Эмилио (АҚШ, Калифорния универ- ситеті), доктор Бенивал, доктор Инегус (Сирия) т.б. тәжірибе жұмыстарымен танысып, жақсы лебіздерін білдірді.
Ғалым еңбектері негізінде "Шөл жайылымдарын түгебейлі жақсарту" (1982), "Шөлдің көк желкені" (1983), "Дарқан шөл" (1985), "Терең тамырлар" (1987), "Қожатоғайлықтар" ғылыми- көпшілік фильмдері түсірілді. Онын ішінде "Шөл жайылымдарын түбегейлі жақсарту" фильмі СССР Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінің “Алтын медалімен” марапатталды.
Ол Қытай Республикасында, Израиль елінде, Ташкентте, Тунисте, Анкара қалаларында өткен Халықаралық симпозиумдарда, 1997-1998 жылдары Ашхабад, Бішкек, Ташкент қалаларында өткен Дүние жүзілік Банктің семинар жұмыстарында, 1999-2003 жылдары Самарқанд, Бұхара, Ашхабад қалаларындағы Икарда өткен конференцияларда, 2003 жылы Индияда халықаралық конгреске қатысып, баяндама жасады.
Сейфолла Әбдірайымовтің есімі шөлтану ілімінің ірі білгірі ретінде дүние жүзіне танымал, "Әлемдік жайылымдарды қорғау және бірігіп зерттеу" жөніндегі Халықаралық Кеңестің және Қазақтың мал азығын ендіру және жайылым ғылыми-зерттеу институты жанындағы диссертациялық кеңестің мүшесі. Сондай-ақ республикалық "Жаршы”, "Вестник сельско-хозяйственные науки Казахстана" және Халықаралық "Проблемы освоения пустынь" журналдары редакция алқасына мүшелікке сайланған.
Ол 1998 жылдан бастап Қазақстанның шөл өсімдіктері­нің селекциялық генетикалық орталығының жетекшісі. 1991 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы академиясынын корреспондент-мүшесі, 1996 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясынын корреспондент-мүшесі, 2003 жылы Ұлттық Ғылым Академиясынын академигі болып сайланды. Сонымен қатар ол 1997 жылдан Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясының, ал 1998 жылдан Қазақстан экология академиясының академигі.
1991 жылы "Шөлге төзімді мал азығын өндірудің тиім­ді технологиясын Қазақстан каракөл шаруашылығының іс тәжірибесіне енгізу" жұмысының ғылыми жетекшісі ретінде оған Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің мемлекеттік сыйлы­ғы берілді. 1994 жылы С.Әбдірайымұлына Америка Құрама Штаттары Ұлттық Ғылым академиясының жоғары дәрежелі Дипломы тапсырылды. Сондай-ақ ол “Құрмет белгісі” орденінің иегері атанды.
Туған жеріміздің перзенті, 84 жасында өмірден озып кете барған ғалымның соңында ұрпақ игілігіне осындай мол мұра қалды. “Ғалымның хаты өлмейді” дегендей, ғылымға ендірген үлкен жаңалығын дәріптеу, жаңғырту – ортақ міндетіміз осы.

Бақтияр ТОҚТЫБАЕВ
22 қазан 2024 ж. 263 0