№71 (8782) 7

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (8781) 3

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (8780) 30

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » » Дәстүрге жол жалғасуда

Дәстүрге жол жалғасуда


Түгіскен ауылдық клубының ұйымдастыруымен "Дәстүрге жол - Аққорған" атты аналар қоғамдық бірлестігінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Нуридинов Бектас Балғабайұлы мен "Қазақ аналары-дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Былаева Алтынай Мырқықызы ашып беріп, ізгі тілектерін білдірді.
Шара барысында қазақтың ұлттық қолөнер және әшекей бұйымдары, ұлттық кімдерден жасалған көрме және ауыл келіндерінің күбі пісу, табаға нан жабу, бауырсақ пісіру т.б. көріністері ұйымдастырылып, ауыл әжелерінің ұршық иіру, жүн түту көріністері көпшілік назарына ұсынылды.
Қоғамдық бірлестіктің ашылу салтанаты әрі қарай клуб үйіндегі "Абысын-ажын" атты аудандық келіндер сайысына ұласты.

Шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Түгіскен ауылдық клуб кәсіпорнының директоры Бақытгүл Тасхожаеваға ерекше алғыс білдіреміз...
22 шілде 2024 ж. 1 166 0