Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Түгіскен ауылында облыстық аналар форумы өтті

Түгіскен ауылында облыстық аналар форумы өтті


«Мәдениетті ана –мәдениетті ұлт» жобасы аясында Аққорған ауылдық округі, Түгіскен ауылында Жаңақорған ауданы әкімдігі мен облыстық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен "Сыры мен сыны бөлек Сыр аналары" атты аналар форумы өтті.

  Форум барысында қазақ халқының салт - дәстүрлері дәріптеліп, көнеден келе жатқан ұлттық салт дәстүрлерімізді насихаттаудан бастау алып, «Асыл әжелер» ансамблі әнімен шашу шашып, алтыбақан аясындағы ауылдың көңілді жастары, қараша үй жанындағы көнекөз енелер мен келіндердің ұршық иіріп, жүн сабап, кілем тоқулары, келі мен диірмен тасқа дәндерді ұнтақтап, одан ұлтымыздың құнын жоймайтын сусыны «Ашымал көже» жасап, қонақтарға ұсынуы, бауырсақ пісіріп, табаға нан жауып, күбі пісіп, майын айырып, қонақтарға табиғи ұлттық дәмдерді тарту етуі –қаймағы бұзылмаған ауыл халқының тыныс-тіршілігінен хабар бергендей керемет әсерде болды.

Форум барысында ауданымыздағы көшбасшы аналар көпшілік құрметіне бөленіп, тағы бір топ аналарға түрлі номинациялар табыс етілді.







25 тамыз 2022 ж. 607 0