Есалы Тұрсынбаевты еске алуға турнирі ұйымдастырылды
Жаңақорған ауданының 95 жылдық мерейтойы аясында Жаңақорған ауданы әкімдігі мен аудандық мәдениет және спорт бөлімінің қолдауымен, Түгіскен ауылындағы №8 ОРМБЖМ-нің ұйымдастыруымен Еңбек ардагері Есалы Тұрсынбаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Ауылшаруашылығы саласының үздігін еске алуға арналған шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Нуридинов Бектас Балғабайұлы Еңбек ардагерінің өңіріміздің ауылшаруашылығына қосқан үлесіне және ауданымызда бұқаралық спортты дамытуға бағытталған шараларға тоқталып, өткелі отырған турнирге қатысушы жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, ел ағасы Нұртазаев Бақыт Әбдіғаппарұлы ағамыз да Есалы Тұрсынбаев туралы жағымды естеліктерімен бөлісіп, боз кілем балуандарының жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестігін білдірді. Тунирге "Еңбектегі ерлігі үшін" медалінің иегері, Еңбек ардагері Есалы Тұрсынбаевтың жан жары, аяулы анамыз Маруся апамыз да қатысып, азаматын қадірлеп еске алып жатқан азаматтарға отбасының атынан алғысын білдірді. Игі шара Әбдіғаппар ауылындағы Есалы Тұрсынбаевтың құрметіне берілген көше белгісінің ашылу салтанатына және Есалы ағамыздың рухына арналған асқа жалғасты.