Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Кітап күні тойланды

Кітап күні тойланды

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні және авторлық құқық күніне орай «КІТАП шоу – 2024» аудандық фестивалі өтті.
 Мерекелік шараға үлкен дайын­дықпен келген Адырбек Сопыбеков атындағы кітапхана ұжымы орталық алаңның ең көрнекті жерін аңдап, кітап көрмесін ұйымдастырды. Сонымен қатар жергілікті азушылардың таңдаулы кітаптарының макеті қымбат қазынаның құнын айшықтап, шынайы құдіретін мойындата түскендей. Ия, кез келген байлықтың бағасы кемиді, рухани қазына ешқашан жұ­тамайды, адам жан дүниесін кемел ақылға байытып, дүниенің кілті – біліммен қаруландырады. Аудандағы руханият саласы өкіл­дерімен қатар ардагер қаламгерлер, жас оқырмандар, жалпы кітапсүйер қауымның басын қосқан шараның шымылдығын аудан әкімі орынбасары Бектас Нуридинов сөз сөйлеп ашты:
– Сіздерді мерекемен құттықтаймын. Бұл күн кітап пен оның авторына құрмет көрсетіп, ұрпақ санасына кітаптың маңызын сіңірумен құнды. Өркениетті мемлекеттерде ең алдымен руханиятқа көңіл бөлінеді. Аудандық кітапхана қорында 466 мың құнды әдебиет пен мерзімді басылымдар бар. Дәстүрлі кештер, мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Бүгінгі кітап фести­валінің ашық аспан аясында ұйым­дастырылуының мәні бар. Өйткені кітап – бұқараның ортақ меншігі, оның оқырмандары жас талғамайды. Сон­дықтан да кітап мерекесін жалпақ жұрт болып тойлау жарасымды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар – білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені.
Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрлі кітапхананың ағартушылық ролі ешқашан мәнін жоғалтпайды» деген болатын. ХХІ ғасыр – мәдениет пен білім ғасыры. Барлық білімнің қайнар көзі – кітапта. Кітапсыз даму мүмкін емес. Баршаңызды кітап оқуға шақырамын, – деді ол.
Бүкіл әлемді кітап оқуға, адамзаттың әлеуметтік және мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосқан авторлардың еңбегін құрметтеуге үндейтін атаулы күні ауданымыздан шыққан автор­лар мен кітап жанашырларының бір тобы арнайы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында Қазақстан және Халықара­лық жазушылар одағының мүшесі, Жаңақорған ауданының «Құрметті
азаматы» Файзулла Сахиев, сатирик, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Нұрмахан Елтай, Жаңақор­ған ауданының «Құрметті азаматы», тарихшы, зейнеткер Шайдарбек Әші­мов, ардагер-журналист, ауданның «Құрметті азаматы» Ерубай Қалдыбек, мәдениет қызметкері, ақын Нұрлан Жапеков, ақын-ұстаз Ардакты Камак, белсенді оқырмандар - Дәулет Өтен, Рауан Жалғасбекұлы, Тұрғанбек Нұр­сезім, Молдашбек Ерасыл бар. Мерекеде «Қыран» мектебінің оқырмандары «Кітап» биін билесе, Жақсыгүл Бегманова атындағы «Әжелер ансамбл» ән орындады. Жас өнерпаздар кітаптың
пайдасы жөнінде көрініс сахналады.
28 сәуір 2024 ж. 268 0