№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «Киелі мекен» апталығы

«Киелі мекен» апталығы


18 сәуір – халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні аясында және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасын табуда. Аудан тұрғындары «Киелі мекен» экологиялық апталығында белсенділік танытуда.
Бүгін аудандық мәдениет саласының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен жастар, еріктілер «Киелі мекен» экологиялық апталығында тарихы тереңде жатқан «Сығанақ қалашығы» маңын қоқыстардан тазалау жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар ағаш көшеттері отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.


Экологиялық акцияға Жаңақорған ауда­нының Құрметті азаматы, музей жанашыры Нәбихан Шалапов та қатысып, барша аудан тұрғындарын белсенді болуға шақырды.
– Акцияның мақсаты – халық арасын­да тарихи-мәдени орындардағы экология­лық мәдениетті қалыптастыру. Осылайша мәдени мұраларымызды сақтай отырып, жастардың мәдени деңгейін арттыруды көздеп отырмыз. Алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылғымыз келсе, бірінші кезекте мәдениетіміздің деңгейін көтеруіміз қажет. Осындай киелі жерлерге, көне мекендерге барып, табиғатымызды таза ұстауға үлесімізді қосамыз, – дейді ол.
Атаулы акция бағдары аудандағы бар­лық кент және ауылдық округтердегі тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстарына арналады. Аудан еріктілері мен жастары, ардагерлер, қоғам белсенділерінің қатысуымен Жаңақорған кентіндегі «Көкен батыр» ескерткіші аумағын ретке келтіру, ақтау-сырлау, абаттандыру, күл-қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді. Игі бастамаға Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, кәсіби медиатор, Ерғали Оразбеков те қатысып, тұрғындарды туған жерімізді бірге көркейтуге шақырды.
"Тазалық – жинаған жерде емес, сақталған жерде болады" дегендей, аудан тұрғында­рын қоршаған ортаны ластамай, тазалық акциясының алдағы науқанына да белсенді атсалысуға шақырамыз.

Әсел РЗАЕВА


20 сәуір 2024 ж. 1 491 0