№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда облысында бес мың түп тал егілді

Қызылорда облысында бес мың түп тал егілді

«Таза-Қазақстан» науқаны аясында Сыр өңірінде 570-ке жуық тарихи-мәдени нысандардың айналасы абаттандырылады. «Киелі мекен» апталығының алғашқы күнінде облыс аумағында 3 мыңдай адам тазалық науқанына шығып, көркейту-көгалдандыруға өз үлесін қосты.


Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қалашығы еліміздегі аспан астындағы мұражайлардың бірі. Күре жолдың бойында орналасқандықтан тарихи шаһарға келушілер де көп. Жалпыхалықтық науқанға қатысушылар киелі орынның айналасын қоқыстан тазартып, жан-жағына көшет отырғызды.
Нәбихан Шалапов, аудан тұрғыны:
Бүгін төрт хандықтың астанасы болған Сығанақ қаласының басында осындай тазалық акциясы өтіп жатыр. Бұл киелі мекенді қадірлеуіміз керек. Қастерлеуіміз керек. Жан-жағы таза болу керек. Абаттандыру болу керек. Бұл Сығанақтың тарихы өте терең.Жалпы облыс аумағында бүгінде 567 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Тазалық науқанында Қорасан ата кесенесі мен Оқшы ата қорымы абаттандырылып, зиярат ететін орынға әрлеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Ал облыс орталығында жергілікті өнерпаздар түркі әлемінің абызы Қорқыт ата ескерткішінің жан-жағын тазартып, игі бастамаға үн қосты.
Үміт Медеуова, ҚР мәдениет қайраткері:
 Үлкен ескерткіштерімізді қорғау мақсатында, осының айналасын тазарту мақсатында бізге бір апталық күн берілді. Осыған байланысты бүкіл қызметкерлер, өнер адамдары осы тазалықты қолдадық. Бүгін міне осы жұмысқа кірістік десек болады. Еліміз таза болса, деніміз де сау болады деп ойлаймыз.«Таза-Қазақстан» науқанының «Киелі мекен» апталығы өңірде кең ауқымда өтіп жатыр. Алғашқы күні-ақ, ескерткіштер мен тарихи орындардың айналасына 5 мыңға жуық ағаш көшеттері егілді.
17 сәуір 2024 ж. 236 0