Таза қазақстан – таза аймақ

Осы орайда, акцияның «Киелі мекен» апталығы аясында Жаңақорған ауданында бастау алған Қазақ тарихында өзіндік орны бар көне Сығанақ қалашығы аумағында ұйымдастырылған сенбілік шарасына аудан тұрғындары белсене атсалысты.
Сенбілік шарасын аудан әкімінің орынбасары Нуридинов Бектас Балғабайұлы ашып беріп, мәдениет саласының ардагері Шалапов Набихан Тұрсынқожаұлы Сығанақ қалашығының қазақ тарихындағы маңыздылығына тоқталса, Сунақата ауылының ардагері Амангелді Түкібаев сенбілікке қатысушыларға сәттілік тілеп, батасын берді.
Туған өлкеміздің көркеюіне үлес қосқан сенбілікке қатысушылар "Киелі орын" аумағын тазалау, сондай-ақ тал егу, шөбін шабу, әктеу жұмыстарын жүргізді.