№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Туған жер – тұғырлы тірек

Туған жер – тұғырлы тірек


“Мен туған ауыл бар-ды жер бетінде
Жүз тосқам алғаш сонда желге, күнге,
Жұлдызды заңғарларды межеге алып,
Ұмтылған адам болып ер жетуге” – деп ақындар жырлағандай, әрбір қазақ баласының жүрегінде бойтұмардай жатталған қасиетті ұғым бар. Ол – ауыл. Еліміздің өсіп-өркендеуінде ауылдың алатын орны ерекше. Ауыл-бәріміздің құт мекеніміз.


«Топырақсыз жер болмас, та­рихсыз ел болмас» дегендей, ме­нің туып-өскен жерім-тұнып тұрған тарих. Қазақта «Түгін тартсаң майы шығады» деген ұғым бар. Ал, менің туған жерімнің бір түп шиін қозғасаң тарих сыңсып сыр ақтарып, жетім бота сынды боздап қоя береді. Біздің ауыл арғы бабаларымыздан бүгінгі күнге дейін алтын бесік, өркениет орталығы болған көне Сығанақтың маңы!
Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Ал мен үшін туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы ұғыммен пара-пар. Себебі, ол-менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем мен туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарымның ортақ мекені.
“Басын қосқан қазақтың,
Баспанасы Сығанақ.
Ақ орданың ежелгі –
Астанасы Сығанақ.
Қазақтың құрып хандығын,
Туын тіккен Сығанақ.
Көкпар тартып той жасап,
Гүрілдеген Сығанақ.
Жібек жолмен ажары –
Жайнап жатқан Сығанақ” – деп жерлес ақынымыз Адырбек Сопы­беков жырлағандай, сұлу Сыр бойы мен қазыналы Қаратау алқабын алып жатқан Жаңақорған ауданы тұнып тұрған шежіреге толы. Олай дейтініміз, бұл Жаңақорған жерінде қазақ халқының басын құраған Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласы жатыр. Сығанақ қаласы орта ғасырдағы Орта Азиядағы ықпалды мемлекеттердің астанасы болған.

Атап айтқанда, Қыпшақ хандығы, Ақ Орда, Қазақ хандығы тәрізді мемлекеттерге мұрагерлік жолмен астана болып келді. Сығанақ қаласы XI ғасырдың екінші жартысында қыпшақтардың Сыр бойына келуіне байланысты олардың орталық қаласына айналды. Осы кезбен есептесек, қаланың қазақ елінің астанасы болғанына 1000 жылдан асты деп айтуға болады. Сығанақ қаласын тарихи деректерде сауда орталығы, керуен жолының кіндігі ретінде, «Қыпшақ даласының гаваны» деп сипаттап жазады.

Фазлаллах ибн Рузбиханның айтуынша, XVI ғасырдың басында қыпшақтардың астанасы болған Сығанақта базар күндері 500 түйе сойылып, кәуап жасалып, кешке дейін бір түйірі қалмай сатылып кететін болған. Оның жазуына қарағанда, Сығанақ адамдардың өмір сүруіне өте қолайлы қала болған. Қалаға қазба жүргізілгенде ақбөкеннің бас сүйектері, асықтары өте көп кездескен.

Жануардың мүйізін жинап, ішіндегі өзегінен дәрі жасағандары да байқалады. Оны «мускус» деп атаған. Бұл деректер қалада медицинаның дамуына жағдай жасалғанын көрсетеді. Қазақ хандығының әлемдік деңгейде танымалдығына дәлел – Сығанақ қаласынан табылған теңгелер археологиялық зерттеу кезінде дүние жүзінің төрт бұрышынан жинақталғанына көз жетті. Сығанақ қаласынан зиялы, білімді ғалымдар да шыққан. Шайқы баба Сығанаки алғаш Хорезмде тұрса, кейін осы Сығанақта орын тепкен, біраз жыл Жент қаласында да тұрыпты. Бұл қалада. Хусам ад Дин ас Сығанаки, осы ғалымның үлкен атасы һисамиддин де (1132-1199)өмір сүрген. Бұл ғалым өзінің атақты діни шығармалары «Нихая»мен «Хидая» кітаптарын осы қалада жазған.

Бұл еңбектерге оның немересі Хусамаддин талдау жасаған. Туып-өскен жерім туралы толғамымды Авар елінің нағыз патриот ақыны Расул Ғамзатовтың мына бір шумақтарымен аяқтағым келеді.
Қымбат маған елімнің даласы,
Балтық пенен Сахалиннің арасы.
Қайда болсам қиям әз жанымды,
Туған жерден қазсын бірақ қабірді!

Нұрислам Бахрамов,
№194 орта мектебінің
9 а сынып оқушысы

20 сәуір 2024 ж. 559 0