» » » Шыңнан биік - Шығанақ

Шыңнан биік - Шығанақ


Өткен ғасырдың қырқыншы жылдары қиын-қыстау кезеңде тары егіп, халықты аман сақтап қалуды мақсат етке тұлға- Шығанақ Берсиев.
Тары дақылын өсіруде дүниеде бұрын соңды болмаған рекорд жасап, агра ғылымының өзі теориядағы болжамнан асып түскен біреу бар, ол осы Шығанақ Берсиев. Елімізге еңбегі сіңіп, халықтың қошеметіне бөленген қазаұта көрнекті тұлға жетерлік. Ал қарапайым еңбегімен, өз мамандығының қыр-сырын қапсыз меңгерген шаруа адамдары санаулы.
1941 жылы Ленинградты қорғаушыларға арналған азық-түлік эшелонын апарып тастау үшін арнайы делегация құрылады, Алматыдан Сәбит Мұқанов, Ақтөбеден Шығанақ Берсиев қосылады. 2 ай созылған бұл сапарда Сәбит Мұқанов диқаншымен танысады. Екеуі жақсы араласады. Кейіннен аграның өтінішімен Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафиннен диқаншылық туралы шығарма жазуды сұрайды. Жазушы романға материал іздеп Ойылға барады. Диқаншының өзімен, шәкірттерімен, туыстарымен сөйлесіп, дән еккен алқаптарын аралайды. Автор 1945 жылы жазып шыққан романда Ұлы Отан соғысы кезінде жан қиярлықпен еңбек еткен Шығанақ Берсиевтің диқаншылық өмірін баяндайды. Он гектарынан мың екі жүз отыз екі бұт тары алып, жалпақ дүниеде болмаған көрсеткішке ие болады. Роман шынайы өмірден алынған Шығанақ пен Олжабектің басынан өткен оқиғаларды жазушы шын суреттейді. Бірі колхоздастырудан қорқып қашса, біреуі сол шаруашылыққа мүше болып, кіруге ұмтылады.
Шығанақ бір өзі- тарыдағы, қызылшадағы, мал шаруашылығындағы қайсарлығының жиынтық бейнесін береді. Сондықтан бұл "Шың" мағынасындағы типтік кейіпкер.
Ал, табиғатынан момын, көк-соқпен ісі жоқ адал шаруа Олжабектің шағармадағы бейнесі тым ерекше. Ауыл ішіне сын түскенде азын аулық жиған тергенін ортаға салудан қашқан ол бандының талауына түсіп, байлығынан айырылады. Кейіннен елін сағынып, Шығанақтың қалауымен қайта оралады.
Расында кейіпкердің тарының кәнігі маманы екені жақсы суреттеледі. Тарының бабы көп салғанымен, бірден көьеймейтіндігі, тұқымын дұрыс сайлау жөнінде тамаша сипатталады. Сондай ақ, тарының ұйыспасын іріктеп, тез өсіруін қадағалап, бабын білген диқаншылардың еңбегі, халықтың қамбасына түскенге дейінгі шақты шығармадан әсерлене оқисыз.
Жазушы оқырманға Шығанақты құрғақ сөздің, даудың адамы еместігін жеткізеді. Мақсатына жетпей қоймайтын кейіпкер мойымайды. Талабын іске асыруға бөгет болғандармен қарсы күреседі.
Авторда, кейіпкерде шығармада өз мақсатына жетеді. Оқырманды адал еңбекке қызықтырады. Біздің жеріміз тым қатыгез, тым сараң, бірақ бабын білгенге, тым береген,тым мейірбан. Бұл адал еңбегімен абыройға ие болған Шығанақтың сөзі....
Гүлсезім АУҒАН
11 сәуір 2024 ж. 618 0