Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 554

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » Армандар орындалады

Армандар орындалады

Жастардың құқық бұзушылығын алдын алу, отансүйгіштікке, париотизмге тәрбиелеу мақсатында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында №286 тірек мектебінде оқушылармен кездесу өтті. «Армандар орындалады» тақырыбында өткен еркін форматтағы кездесуге әр салада еңбек етіп жүрген білікті мамандар бас қосты.


Кездесу барысында "Аманат" партиясының аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов, аудандық прокуратурасының прокуроры Әлихан Әбіләшімұлы, Жастар ресурстық орталығы Жаңақорған аудандық орталығының әдіскер маманы Бигалиева Сымбат және де жақында ғана ережесіз жекпе жектен әлем чемпионы болған жерлесіміз Жансұлтан Ақылбекұлы өмірлік, қызметтік тәжірибелерімен бөлісіп, сауалдарға жауап берді.
Оқушылар жас спортшының жеткен жетістігі туралы көбірек білуге тырысты.
– Мен негізі Қожакент ауылында туылып, бала кезден облыс орталығына көшіп, сонда туған ағамның қолында жаттықтым. Менің жеке бапкерім туған ағам болды. 9 жасымнан түрлі спорттың есігін қақтым. Нәтижесінде әлем чемпионы болдым. Арманым әлі де биіктерден көріну, сондықтан барлықтарыңызды спортпен шұғылдануға шақырамын, – деді чемпион.
07 сәуір 2024 ж. 667 0