№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «ТÄRBIE TALQY» АЛАҢЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА

«ТÄRBIE TALQY» АЛАҢЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА



Қызылорда облысы білім басқармасының «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру аясында оқушылармен «ТÄRBIE TALQY» алаңы болып өтті.
Жиынды Аудандық білімі бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекжан Шахизатұлы ашып, жалпыадамзаттық құндылықтарды санасына сіңірген өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталады.
Кездесуге аудан бойынша орта білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Кездесу мақсаты - тұлға дамуы қамтамасыз етілетін және оқу-тәрбие үдерісін басқарудың, оқу үдерісінің, сабақтан тыс тәрбие жұмысының, қосымша білім берудің, сыртқы әлеуметтік институттармен қарым-қатынастың құндылық әлеуетін күшейту арқылы рухани-адамгершілік.
Еркін форматтағы кездесу барысында отбасы құндылықтары, қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәні, қыз бала мен ер бала тәрбиесіндегі негізгі өзекті мәселелер, "Қазіргі таңдағы қыз бала бейнесі", "Бүгінгі ер бала бейнесі" тақырыбында жан-жақты мәселе қозғалды.

Модераторлар
1) Досаев Фархат Лиясұлы - «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының директоры
2) Аскарова Жулдыз Галымжановна - «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының бөлім басшысы
3) Баймбетов Нұрлыбек Ақылбекұлы - «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының бөлім басшысы
4) Қалиев Бағлан Аманбекұлы - "Тәрбие, спорт және қосымша білім беру" орталығының әдіскері
5) Сүгірбай Марат Бердібайұлы-Қорқыт ата атындағы университетінің «Дәстүрлі өнер және хореграфия» бөлімінің оқытушысы
6) Нұрым Сәлімгерей- «Әлем Барысы» турнирінің жеңімпазы
7) Дүкенбаев Асылхан Әбілханұлы -жайдарманшы, блогер.
Кездесу алаңының соңғы бөлімінде мазмұнды әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, оқушылардың ой-пікірлері тыңдалды. Оқушылар өз кезегінде модераторларға сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Ұйымдастырушылар алқасына алғыстарын білдіріп, осындай игі шаралар көбірек болса деген тілектерін білдірді.
11 ақпан 2024 ж. 294 0