№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Көкпар – жігіттің көркі

Көкпар – жігіттің көркі


Атадан балаға мұра болған ұлттық спорт – көкпардың жібін үзбей жалғап келе жатқан жасы елуді еңсерсе де аттан түспеген Пернебай Дәріханұлы ағамыз осылай дейді.


– Көкпар – мықтылар ойыны. Көкпар-шабандозды шыңдайтын, сәйгүлікті сы­найтын дода. Қиқулап тартысқан дүлей күштің тақымына нар ғана шыдас береді. Дода кезінде аттан құлап немесе атпен бірге жығылатын жағдайлар жиі кездеседі. Тіпті жарақат алатын кезің болады. Осының барлығына тәуекел керек. Сондықтан кез келген жас көкпаршы болуға құлшына қоймайды. Ал нағыз көкпаршы жығылса да, жарақат алса да қайтпайды. Додаға түсу үшін, алдымен жарамды ат, екіншіден жүректі жігіт керек. Ал шеберлік бірте-бірте шыңдалады. Өзім бала күнімнен тайға мініп, ат ерттедім. Әкем бұрыннан атбегі, талай жүйріктің бабын тапқан кісі. Ер бала атқа мінсе, рухтанып кетеді. Қазақтың «Ақылды жігіт атқа да мінер, таққа да мінер» дегені атқа мінген баланың болашағының зор екенін меңзегені ғой. Кішкентай кезімнен ересектердің етегіне жармасып көкпардан қалмадым. Өсе келе тай баптап, көкпарға дайындап, көкпар ойындарына қатыса бастадым. Алғашқы ең үлкен салымды ауылдағы 8 сыныптық мептепті бітір­ген уақытта салдым. Көкпарда қызықты оқиғалармен қатар, өміріңе қауіп төндіретін кездер де көп кездеседі. Мұндай­да көкпаршыны тек шеберлігі мен ептілігі құтқарары анық. Алдымдағы аға буын Полат, Дайрабай сынды ағаларымның ізінен еріп, атқа құмарлығым арта түсті.
– Осы уақытқа дейін дүбірлі додадан қанша салым салғаныңызды санап көрдіңіз бе?
– 1985 жылы мектепті бітірген уақытта ең үлкен салым салған болатынмын. Міне, қырық жылдан бері жүлденің түр-түрін алып келе жатырмын. Ең алғаш қатысқан Жайылма ауылында өткен республикалық бәйгеде темір тұлпар міндім. Осылайша қатарынан екі-үш темір тұлпарды меншіктедім. Түйе, тай, өгіз секілді тігілетін салымның бірнешеуіне ие болдым. Көкпарда салым салу оңай емес. Мысалы додаға түскеннен кейін ол күрес емес, басқа емес, оның ішінде соқ соқ қатты болады. Негізі ат үстінде адамның психологиясы өзгереді. Атқа міну адамға ерекше рух береді. Кеудені қуаныш кернейді. Әлі күнге дейін аттан түскенім жоқ. Жастар арасындағы көкпар тартысына да, елу жастан асқан көкпаршылардың арасында да доданың көркін қыздырып жүрмін.
– Қазақ халқының танымында жылқы түлігін «Ер қанаты – ат» деп әспеттеген. Айтыңызшы, көкпарға шабатын тұлпардың біз білмейтін тұстары бар ма?
– Негізі көкпарда жігіттің бағын ашатын – астындағы пырағы. Шабандоз ойын алаңына шыққанда, біріншіден, аттың күші, екіншіден, өзінің ептілігімен серкені тақымына басады. Осы тұста, айта кету керек, серкені ілуге аттың ықпалы көп. Яғни, тоқсан пайызы тұлпардың тектілігіне байланысты. Жекпе-жекке шыққанда адам тәріздес қарсылас атты итеріп, қасарыса тіресіп, үстіндегі шабандоздың еңкейіп серкені алуына барынша жағдай жасайды. Жалпы көкпарға мінетін аттың ерекшелігі мынада: еті мығым, кеуделі, омыраулау екпіні қатты, жүйрік, көкпарды жерден іліп алуға икемделгіш, текті жылқы болуы тиіс. Төрт аяғын таймайтын бүршікті жеңіл тағамен тағалайды. Семіз не арық ат көкпарға жарамайды. Оған қоса, көкпарға қосатын атты қырық күн мінбей, баптайды. Бабы қанған аттың күші көп болады. Ал, егер бабы келіспесе, бағы байланды дей беріңіз. Көкпарға шабатын атқа ерекше бап керек. Бастысы, жануар тұрықты, қайратты, кең тынысты болғаны абзал. Яғни шабандоз бен сәйгүлік қатар сыналар кез осы. Иесінің ойын тақымдағанынан сезер жануар көкпарларда өзгелерге дес бермейді.
– Бүгінде қанша көкпар атыңыз бар?
– Бабаларымыз көгендеулі малының нақты санын айтпаған екен, дегенмен бәйгеге бапталған «Қанторы» деген жылқым бар. Оны жан-жақтан қомақты ақшаға сұрап отыр. Менің көкпарға құмартқаным соншалықты ешқашан ат үзгенім жоқ. Жасыратын несі бар, осы уақытқа дейін біршама ат мініппін. Көкпаршы ойын алаңына шыққанда, біріншіден, аттың күші, екіншіден, өзінің ептілігімен серкені тақымына басады. Осы жерде серкені ілуге аттың ықпалы көп, яғни тоқсан пайызы атқа байланысты. Ол адам тәрізді қарсылас атты итеріп, үстіндегі шабандоздың еңкейіп серкені алуына жағдай жасайды. Егер ат пен көкпаршы бір-біріне сай келсе, жақсы өнер көрсете алады. Көкпарға қосатын аттың басы жеңіл, шоқтығы биік, төсті, шапшаң әрі ірі болуы керек. Бұндай аттарды өзге мақсатқа мінбейді,
– Балаларыңыздың арасында ізіңізді жалғағандары бар ма?
– Үлкен балам мемлекеттік қызмет істейді. Бірақ атқа өте құмар, аттаңдауда көзі өте қырағы. Кіші баламның да ебі бар. Бірақ жұмыс бабымен қалада жұмыс істейді. Балаларымның барлығының да ат баптауға қызығушылықтары бар. Аллаға шүкір, жолдасым екеуміз Алланың берген екі ұл, үш қызды өсіріп, бәрін оқытып, құтты орындарына қондырып жатырмыз. Адам баласына бұдан артық қандай бақыт керек. Немерелерім көз алдымызда, үйіміздің сәнін келтіріп, асыр салып ойнап жүр.
– Көкпардың атын қалай таңдап аласыз?
– Көкпардың аты үшін ең басты қажеттілік – жүректі болуы. Былайша айтқанда, өлген-тірілгеніне қарамайтын өте жүректі жылқы ғана көкпарға жарайды. Одан кейін икемділігі, жылдамдығы, иесін тыңдай алуы бар. Көкпаршы мен ат тұтасуы керек. Бірін-бірі өте жақсы түсінуі үшін өте көп еңбек пен уақыт жұмсалады. Ал, көкпарға қосатын атты қырық күн мінбей, семіртеді. Бір ай бойы атқа бидай береді. Алғашқы күннен бастап бидайдың мөлшерін жылқының жегеніне байланысты бірте-бірте көбейтіп, кейін керісінше азайтады. Ат әбден қоңданып, жілігі майға толғаннан кейін далаға шығарып аунатып, мінбей жүргізу керек. Бұдан соң өз тәртібімен атты суытып, іш майын қатырған жөн. Жылқы семіз болса, күші көп болады. Бұндай атқа мінген жігіт тартыста серкені оңай іліп әкетеді. Жаратуы кем семіз атты бірден жарысқа қосуға болмайды. Ат арықтап, әлсіреп қалады. Жалпы атты қалай баптау керектігін кейінгі ұрпақтың білгені дұрыс. Өйткені атты баптау жануарға бір уыс шөп пен жем беру емес, бұл – бар ынта-жігермен атқарылатын іс. Егер бабы келіспесе, жылқының бағы байланады. Ат деген адамның айтқанының бәрін істейді. Адамның түсінігімен бірдей болады. Көкпар алғанда да сол көкпарды діттеген жеріне апаруға ұмтылады. Ол өте білімді аттар. Үстіндегі адам не ойлайды, соны түсінетіндері де болады. Оның бәрі адамның үйретуі­не байланысты. Өзге малдың терісі жыртылғыш келетіндіктен көкпарға терісі берік, ұстауға ыңғайлы серке тартылады. Серкені союдың да өз тәртібі бар. Жарыс басталар алдында көкпаршылар серкені ортаға алып шығады. Ақсақалдар бата беріп, ойынның сәтті өтуіне тілектестігін білдіреді. Бұдан соң көкпарға қатысатын аттардың аяғы тұсалмасын, шабысы кең, екпіні қатты болсын деген ниетпен құрбандықтың аяғын матамай, төрт сирағын төрт жігіт ұстап тұрып, серкенің басын кеседі. Бұлшық еттері сіресіп қалмауы үшін алаңқайда ұзақ жатқызады. Көкпарға тартылған серкені қазақ киелі санаған. Тартыс аяқталғаннан кейін серкені сәбилі бола алмай жүрген әйелдерге берген. Себебі жаужүрек жігіттердің тақымынан өткен серке шаңыраққа нәресте әкеледі деп сенген. Бұрындары сәби сүйе алмай жүрген отбасы көкпар тартысын арнайы ұйымдастыратын болған. Оған қоса, көкпарға қосатын атты қырық күн мінбей, баптайды. Бабы қанған аттың күші көп болады. Ал, егер бабы келіспесе, бағы байланды дей беріңіз. Көкпардың аты үшін ең басты қажеттілік – жүректі болуы. Негізі көкпарға қосатын атты қырық күн мінбей, семіртеді. Бір ай бойы атқа бидай береді. Алғашқы күннен бастап бидайдың мөлшерін жылқының жегеніне байланысты бірте-бірте көбейтіп, кейін керісінше азайтады. Ат әбден қоңданып, жілігі майға толғаннан кейін далаға шығарып аунатып, мінбей жүргізу керек. Бұдан соң өз тәртібімен атты суытып, іш майын қатырған жөн. Жылқы семіз болса, күші көп болады. Бұндай атқа мінген жігіт тартыста серкені оңай іліп әкетеді. Жаратуы кем семіз атты бірден жарысқа қосуға болмайды. Ат арықтап, әлсіреп қалады.
– Жылқы қанша жасқа дейін көкпарға кіре алады? Қанша жасынан көкпарға қосуға болады?
– Бабы келіскен таза қанды аттар жиырма жасқа жеткенде де додада шаба алады. Естуімше, «Құлшығаштың Кері аты» деген болған екен. Ол 30 жасқа келгенше шапқан деседі. Оны жерде өсіп тұрған шөпке жаймаған екен. Шөпті орып беріп отырған. Сондай-ақ Оразгелді Сейітжаппар деген ақсақал бір атын 18 жыл шаптырған деседі. Егер аты 6 жасынан бастап көкпарға барса 24 жасына дейін көкпарға қатысқан. Жалпылай алғанда, 14-15 жасына жеткенше додада сыналады. Ал, неше жасынан көкпарға қосуға болады десеңіз, «Тайында тасқа байла, құнанды сақта, дөненді бапта, бестіні мақта, алтыға келгенде ат болады» дейді. Міне, атты алты жасар болғанда ғана көкпарда сынайды. Оған дейін бабымен қарау керек. Мысалы өзім жылқыларымды қалай баптайтынымды айтсам, жемге жұмыртқа қосамын, балықтың майын беріп тұрамын. Көктемде түрлі жемістер мен көкөністерді де дәрумен орнына беремін. Жалпақ тілмен айтқанда өзіміз жемесек те сол атқа бергіміз келіп тұрады.
Міне, көкпаршы ағамыз осылай дейді. Әлбетте, ұлттық спорт болғандықтан көкпардың жылдан жылға өркендей түсуі көңіл қуантады. Көкпар деген өзінше бір әлем. Оған бір қызығушылық танытқан адам қайта басқа жаққа бет бұра алмай қалатынына осы кісілердің әңгімесі дәлел. Көкпар-еркіндіктілердің нағыз ер мінезді, патриот, туған жерді қадірлейтін, үлкендерге құрмет, кішіге ізет білдіре алатын бауырмал, көпшіл болып тәрбиеленуіне мүмкіндік беретін үлкен тәрбие мектебі десек артық болмас.
Иа, көкпар әлеміндегі тың жаңалықтармен көпшілікті құлағдар еткеніңіз үшін Сізге алғысы­мыз шексіз. Тұлпарларыңыздың тұяғы сүрінбесін, салымдары көбейіп, елдің алдындағы абыройыңызды асқақтата берсін деген тілегіміз бар. Қазақ даласында дәйім көкпар додасының шаңы бұрқырып жатсын.

Әсел РЗАЕВА
05 наурыз 2024 ж. 482 0