Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » » ҚҰРАН КӘРІМДІ МӘНЕРЛЕП ЖӘНЕ ЖАТҚА ОҚУДАН, АЗАН ШАҚЫРУДАН АУДАНДЫҚ ЖАРЫС

ҚҰРАН КӘРІМДІ МӘНЕРЛЕП ЖӘНЕ ЖАТҚА ОҚУДАН, АЗАН ШАҚЫРУДАН АУДАНДЫҚ ЖАРЫС

Бүгін ҚМДБ-ның Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентіндегі филиалы “Жаңақорған аудандық орталық” мешіті мен "Жаңарған Жаңақорған жастары" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, дін жанашырларының қолдауымен Жаңақорған кенті “Әл-Мүмин” мешітінде Құран кәрімді мәнерлеп және жатқа оқудан және Жаңақорған кенті “Ықылас” мешітінде азан шақырудан аудандық жарысы өтті. 5 жылдан бері үрдіске айналған бұл сайысқа аудан мешіттерінен жетпістен астам шәкірттері бақ сынады.
Жарыстың нәтижесінде келесі шәкірттер жеңімпаз атанды:

Құранды жатқа оқу жарысы
1 орын Малкаждар Әлихан (80000 тг)
2 орын Омар Шерхан (60000 тг)
3 орын Жақсыбек Нұрсұлтан (40000 тг)

Құранды мәнерлеп оқу жарысы
1 орын Нұрбеков Даниял (60000 тг)
2 орын Тұрсынқожа Зайдулла (60000 тг)
3 орын Асайын Раян (60000 тг)

Азан шақыру жарысы
1 орын Әділбек Айжігіт (30000 тг)
2 орын Файзулов Ясин (20000 тг)
3 орын Дәулетиярұлы Аллаяр (10000 тг)

Айта кетейік, барлық қаржылай сыйлықтар ауданымызда түрлі салада өз кәсіптерін жүргізіп отырған азаматтарымыздың демеушілігімен жасалды.
18 ақпан 2024 ж. 820 0