№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » "СЫҒАНАҚ СЫНАҒЫ" АТТЫ АУДАНАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

"СЫҒАНАҚ СЫНАҒЫ" АТТЫ АУДАНАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ


"Жаңақорған ауданының 95 жылдығы" және "Манап Көкеновтың 95 жылдығы" мерекелері аясында Сунақата ауылдық клубының ұйымдастыруымен Жаңақорған және Шиелі аудандарының мәдениет және спорт бөлімдерінің қолдауымен екі ауданның өнерпаздары арасында "Сығанақ сынағы" атты ауданаралық өнер сайысы болып өтті.

Аталған шараны Сунақата ауылдық округінің әкімі Жұмаділлаев Ақылмұрат Ысмайлұлы және Жаңақорған ауданының құрметті азаматы Азия Қыстаубаева ашып, тұрғындарды ауданымыздың 95 жылдығы және М.Көкеновтың 95 жылдығы мерекесімен құттықтап, сайысқа қатысушы өнерпаздарға сәттілік тіледі.
Жыл сайынғы ұйымдастырылып келе жатқан дәстүрлі өнер байқауы АЙТЫС, ХАЛЫҚТЫҚ ОРЫНДАУ, ЭСТРОДАЛЫҚ ВОКАЛ жанрлары бойынша өткізілді.
Айтыс жанры бойынша Жаңақорған ауданынан қатысқан айтыскер жас ақын Мұхамедәли Абдуллаев және Шиелі ауданының жас ақыны Еламан Кенжештер тартысты айтысып тең түссе, Халықтық орындау жанры бойынша Шиеліден келген Нұрберген Оспанов тамаша өнер көрсетсе, Жаңақорғандық Көкен Өскенбай оза шапты. Ал, эстродалық вокал жанры бойы бойынша Шиелілік Нұрай Бердімұартова жақсы өнер көрсетсе, Жаңақорғандық Марғұлан Қазыбекұлы керемет қоңыр дауысымен көрермен көңілінен жол таба жеңімпаз атанып, демеушілер арқылы қаржылай сый-сияпаттар жасалды.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған мәдени шараға "Жаңақорған аудандық М.Көкенов атындағы мәдениет үйінің" ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Талап Тотаев және аудандық мәдениет үйінің қызметкері, жырау, термеші, дәстүрлі әнші Мұхтар Дәрібаев, Сунақата ауылдық клубының директоры Т.Қалымбетов қазылық жасаса, "Айсұлтан" дара кәсіпкерлігінің төрағасы Ш.Қалымбетов қаржылай демеушілік білдірді.
Айтулы мәдени көпшілік шараға қатысқан ауыл тұрғындары өнерпаздардың өнерлерін жарыса айтып, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.
30 қараша 2023 ж. 283 0