№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Ата-ана туралы


Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.

Ата – балаға сыншы.
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
Атадан ұл туса игі еді,
Ата жолын қуса игі еді.
Ата тілін алмаған ұлдан без,
Ана тілін алмаған қыздан без.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Жеті атасын білмеген – жетесіз.
Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді,
Атадан жаман ұл туса, ленің малын жейді.
Анаға баланың алалығы жоқ.
Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызынан құтыла алмайсың.
Ердің анасы – елдің анасы.
Ата-анаңды сыйласаң көп жасарсың, сыйламасаң жан қинарсың.
Ата – бәйтерек, бала – бала жапырақ.
10 мамыр 2018 ж. 2 095 0