Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ұлт рухының сардары

Ұлт рухының сардары


Ахмет Байтұрсынұлының ұлт тарихында ұлықталуының себебі неде? Теріс пыйғылды саясат оның өзін құрықтап ұстап, бүкіл еңбегін құрдымға жібергісі келгенімен ел мен жер, туған тілдің тағдырын мәңгілік етуге тырысып, құштар жүрекпен түзіп кеткен төл ғылымның негізі тұғырында қалай сақталып қалды? Биыл елімізде және ЮНЕСКО шеңберінде өткелі отырған ұлт ағартушысының 150 жылдық мерейтойында осы сауалдардың жауабы жан-жақты жарқырап ашыла түспек деген ойдамыз.


Мерейтой қарсаңында Ахъмат Байтұрсыновтың академиялық бес томдық толық жинағының электрондық нұсқасы оқырман игілігіне дайын тұр. Оның ішінде бұрын жарияланбаған 107 бет қолжазбадан тұратын «Шаруалық көтерілісі», «Жазу мәселесі» «Шәкәрім ақсақалға жауап», «Алаш азаматтарына», «Дәйекші», «Қазақ халқына», «Еркін дала», «Тағы да жер жайында», «Ахмет Байтұрсынұлының арызы» деп аталатын тақырыптар әрбіріміз үшін қымбат.
Ахмет Байтұрсынұлы қай еңбегінде болмасын, мемлекеттік жүйелердің қайсысында жұмыс жасамасын, ол бірінші кезекте өзіне басты нысана етіп, жалпыұлттық, бүкілхалықтық мәселелерді таңдап алды да, оларды туған елінің мүдделеріне сай шешу еңбектенді.
Ахмет Байтұрсынұлы азамат болып қалыптасқан кезең Қазақстанның Ресей империясының отарына түгелдей айналып, болған уақытқа тұспа-тұс келді. Осыған орай патша үкіметінің әкімшіліктері тарапынан халықты әлеуметік-саяси тұрғыдан езу, оның жекелеген намысқой өкілдерін жәбірлеу мен қорлау жаппай орын алды. Мұны Байтұрсынұлы әулеті де бастан кешірді.
Ахметтің саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұспа-тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды.
Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дінді ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларының қоныс аударуын үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды.
Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсынұлын қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Ал шын мәнінде осы кезеңдер оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ұлт азаттығы жолында күреске ертерек араласуына түрткі болды.
Ол ұлттық мәні бар саяси-әлеуметтік және мәдени мәселелерді көтеріп, шешуде мерзімді баспасөздің атқарар қызметінің маңыздылығын жақсы түсінді. Жалпыұлттық газет шығару ісіне көп күш жұмсады. Әлихан Бөкейхановтың бағыт беруімен, Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен, Міржақып Дулатовтың қосшылығымен озық ойлы, халық қамын ойлаған, жекелеген дәулетті адамдардың демеушілігімен 1913 жылдан бастап Орынборда жалпыұлттық бейресми «Қазақ» газеті шыға бастады. Газеттің редакторы болып Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылдан 1917 жылға дейін қызмет атқарады.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының араб графикасына негізделген қазақ жазуының негізін қалады. Бұл жазу да қазақ мәдениетіне, оқу-ағартуына жақсы қызмет жасады.Байтұрсынұлы жасаған жаңа жазу күні бүгінге дейін қолданыс тауып келеді.Қытай Халық Республикасы, Ауғанстан, Иран сияқты елдердегі қазақ бауырластарымыз сауаттарын осы жазумен ашып, баспа дүниелерін осы графикамен шығарады.
Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы «әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін» айтты. Байтұрсынұлы – қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткер. Ол қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, баспасөздің өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін жанкешті іс-әрекетімен көрсетті.
Қазақ әдебиеті тарихында Абайдың орны қандай болса, қазақ тілі білімі мен мәдениеті тарихында Ахмет Байтұрсынұлының орны да сондай. Оның өмірбаяны, тірлік-тынысы, ой-арманы туған халқына деген қалтқысыз қызметтен тұрады.Оның өмірін жеке адамның, жек бір маманның өмірі деп қарауға болмайды. Ол халықпен біртұтас,қалың елмен тамырлас,ел жүгін қайыспай көтерер нағыз халық перзенті.
Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы – баршасы осы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған.
Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қылатын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей білсе – ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы», – депайтқан жүрек сөзінің қуаты күні бүгін қазақ баласының қан тамырында бүлкілдеп соғып, аға-іні буынды ұлы арман жолында тоғыстыруы тиіс деп есептеймін.
Бұл күндері туғанына 150 жыл толып отырған Ахмет Байтұрсынұлының есімі халықтың зердесінде мәңгілік сақталады.

М.Дәріқұлов,
Жаңақорған аудандық сотының жетекші маманы


09 қыркүйек 2022 ж. 1 726 0