№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Рухани жаңғыруға рухты жол ашады

Рухани жаңғыруға рухты жол ашады


Жұма күні аудандық кітапханаға Алматыдан ат арытып, біздің ардагер ақсақалымыз, бүкіл жастық ғұмырын атамекеннің өсіп-өркендеуіне, өңірдің экономикалық дамуына арнап келген, туған жердің аяулы перзенті Ойшы Ысқақов ағамыз келді. Ағаны өз ұлы, облыстық мәслихат депутаты Жанкелді Ысқақов алып келіпті. Әке ойындағы үлкен мақсаты – «Алматы» баспасынан шыққан кітабын туған жер оқырмандарының игілігіне табыстауды ниет еткен халық қалаулысының бұл қамқорлығы бәріміздің жүрегімізді елжіретті. Саушыылығы кем әкені алақанына сап алып келіп, кітап оқырмандарымен кездестіріп, ақсақалдың іште жүрген ой-тілектерін армансыз ақтарып, көңілін орнықтыруға барын салған Жәкеңнің қызметіне қарап жақсы перзент қандай болу керек деген сауалға жауап тапқандай болдық.

 Оқырмандар алдында сөз алған Қазақ ССР-нің «Еңбек сіңірген қызметкері», Жалағаш, Жаңақорған аудандарының, Қызылорда қаласының және Қазақстан республикасының «Құрметті азаматы», Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі Ойшы Ысқақұлы былай деп сөз бастады:

 – Қазақтың үш жүзге жататын және жүзге жатпайтын рулардың екі жүзге жуық шежіресі бар екен. Әр шежіре кемінде бір кітап.
 – Тегін білмеген тексіз деген бар. Өз елінің , ұлтының тарихын білмеген жаннан өзінің ұлтының келешегін ойлайтын патриоттар шығуы екіталай. Мен осы жағдайды ескеріп, келешек ұрпақты ұлт тарихынан хабардар етіп, елін, отанын сүйетін, елдің бірлігін, тұтастығын ойлайтын, Отанын қорғайтын азаматтар тәрбиелеу мақсатында ру шежірелерін нақты білуі үшін осыларды ықшамдап, тарихи құжаттарға сәйкестендіріп, оқуға ыңғайлы етіп бір кітапқа жинақтадым,

 – Сонымен қатар алымдардың берген бағасына сәйкес қазақ даласынан шыққан Әбу-Насыр әл Фарабиден кейінгі жаоық жұлдыздардың бірі, ортағасырлық екінші ғұлама ғалым Хусам ад-Дин – Сығанақи туралы да біраз мәліметтерді жинақтадым, – деді. Кітаптың алғысөзін саяси ғылымдардың докторы, профессор Есенжол Алияров жазыпты.

 – Рухани қазына болып табылатын еңбекті зор ризашылық сезіммен қабылдап алған аудандық кітапхана директоры Әсемкүл Тілеубергенова кітап қорын толықтыруда, оның ішінде қазіргі қажеттіліктерге сай ұлттың діңін тереңдетіп, қадір-қасиетін бекемдеуде биік орыннан табылатын аталмыш жинаққа сұраныстың зор екенін жеткізіп, осы жолда жасының келіп қалғанына қарамастан күндіз-түні еңбектеніп, өз мақсатына жетіп отырған ағаға аудан халқы атынан рахметін айтты. Әке тәлімін көріп, ұлағатын жалғаған перзенті – Жанкелді Ойшыұлының да руханият әлеміне жақын жүретіндігі, өткен бір жылдың ішінде екі бірдей кітап – ауданымыздағы Ауған жауынгерлерінің жорық жолдарына арналған «Борыш» кітабын құрастыруы және ақын Адырбек Сопыбековтың шығармашылдығына арналған «Адырбек» кітабын баспаға беріп, жарық көруіне де өзі демеушілік еткен қамқорлығы осы өнегенің жемісі болып табылатындығына көптің назарын бұрды.

 Өзі құрылыс саласының маманы болғанымен жаны нәзік, қоғамда саяси қызметті де, қаламгерлікті де қатар алып, ел өміріне ересен үлес қосып келе жатқан Жанкелді Ойшыұлының өзі де осы жолы жеке кітапханасынан бірнеше кітаптар әкеліп, аудан кітапханасының кітап қорын толықтыруға атсалысқан жанашыр ниеті барлығымызға үлгі болғандай. Өзі оқып-тоқып қана қойиай, сол білгенін, түйгенін келешектің еншісіне табыстап, қамқор бола білуі бұл кісінің де көрегенділігін айғақтаса керек. Кітапхана қызметкерлері тоқсанның төріндегі ақсақал Ойшы Ысқақұлынан әр жылдары ауылға келген атақты тұлғалар қолтаңбасы қалатын Ескерткіш кітапқа тілек сөзін жаздыртып
алды.
Жасұлан Сейдеметов
15 тамыз 2022 ж. 733 0