№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елі қадірлеген ер бақытты

Елі қадірлеген ер бақытты


Туған жеріміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға елдің ыстық ілтипатының белгісі ретінде, «Ауданның Құрметті азаматы» атағын еншілету қоғамда дәстүрге айналған маңызды шара. Биыл Наурыз мерекесі аясында ауданның өсіп-өркендеуіне еңбегі сіңген бірнеше азамат осы марапатқа ие болды. Бұл күні марапатталғандар қатарында туған топырағымыздың перзенті, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, сәулетші Жандарбек Мәлібековтің болуы жүрегімізді ерекше қуанышқа бөлегенін айтуға тиіспіз.


Ауданның Құрметті азаматтарын марапаттау рәсімін ашқан аудан әкімі Руслан Рүстемов:
– Үлкен өмірге бет бұрған аймағымыздағы әрбір жетістікке үлес қосқан азаматтардың бойында туған жердің табиғаты жатқаны айқын. Сондықтан қандай тұлға болмасын өзі суын ішіп, топырағында аунап өскен атамекенін ұмытпай, шалғайда жүрсе де жүрегінің жылуын бөліп келе жатқаны сүйсінтеді.
Осындай азаматтардың бір шоғыры Наурыз мерекесі аясында марапатталудың сәті түсіп, аудандық марапаттау комиссиясы келісімімен және аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен «Ауданның Құрметті азаматы» атағына лайық деп табылды.
Туған жердің түтінінен артық ешнәрсе жоқ. Аққу өзінің айдынын аңсаса, ер өзінің туған жерін аңсайды, – дей келе жүрекжарды лебізін ақын Мұқағалидің толғауымен тарқатуы атамекенді аңсап жеткен аяулы жандарға тамаша тарту болғандай.
Келесі сәт салтанатты марапатқа ұласты. Сонымен «Ауданның Құрметті азаматы» атағы мына кісілерге табысталды. Олар: Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібекұлы, құқық қорғау саласының ардагері Аманбаев Жасұзақ, ағарту саласының ардагері Кәрім Жұмабаев, мемлекеттік басқару саласының ардагері Қоянбай Қалмырзаев, ауылшаруашылық саласының ардагері Айдар Әуезбеков, мемлекеттік басқару саласының ардагері Әнуарбек Қалтаев, мемлекеттік басқару саласының ардагер, Мырзахмет Таңқиев, ауылшаруашылық саласының ардагері, Әсет Жиенқожаев, мем­лекеттік басқару саласының ардагері Пахмадин Айнақожаев, ауылшаруашылығы са­ла­сы­ның ардагері Камалдин Шермағамбетов, ауылшаруашылық саласының ардагері Ержан Шамұратұлы, жоғары білім беру саласының ардагері Бақытхан Әбдікәрімов, спорт саласының ардагері Әбутәліп Аманов, ішкі істер саласының ардагері Пазылбек Нәлібаев, энергетика мұнай-газ саласының қызметкері Нұрпейіс Мәжитов, мәдениет саласының қайраткері Әбілхайыр Сыздықов.
Марапаттау рәсімінен соң құрметті қонағымыз Жандарбек Мәлібеков мінберге көтеріліп, өзіне зор құрмет көрсетіп отырған туған халқына бүгінгі марапат иелері атынан зор ризашылық көңілін жеткізді.
Ол өзі арнайы жасап алып келген Мемлекет­тік Елтаңбаның макетін аудан әкімі Руслан Рүстемов­ке табыстады. Бұл қасиетті тартуды аудан басшысы аудандық тарихи-өлкетану музейіне ұсынып, халықтың ортақ игілігіне бағыттауы көңілді жадыратты. Елтаңба авторы өз қолымен жасап, аты-жөні айшықталған төсбелгіні Руслан Рүстемұлының омырауына қадап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Ол осындай тартуды өзінің бала жастан бірге өскен, студенттік жылдарда қиындықты бірге көтерген аяулы досы Алшынбай Тұртанов пен еңбек майталманы, қазірде ел анасы Әзия Қыстаубаеваға да табыс етіп, елге ақсақалдық батасын берді.

Баян ҮСЕЙІНОВА
20 наурыз 2021 ж. 778 0