"Ардақты аға, тәлімгер тұлға " тақырыбында кітап көрмесі өтті
Жаңақорған аудандық кітапханасы Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен кітапхананың коворкинг орталығында «Парасат жолы» жобасы аясында Қазақ ССР-нің «Еңбек сіңірген қызметкері» Жалағаш, Жаңақорған аудандарының Қызылорда қаласының және ҚР-ның «Құрметті азаматы», Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі Ысқақов Ойшы Ысқақұлымен кездесу кеші болып өтті.
Атаулы шараны А.Тилеубергенова ашып, кездесу кешінің қонақтарымен таныстырып және келген мақсаттарына тоқталып өтті. Сөз бастаған Ойшы Ысқақов Ысқақұлы аудандық кітапханасына осы жердің тумасы екендігін, қазіргі таңда Алматы қаласында тұратындығын, десе де өзінің жүрек жарды жазған жаңа туындысын тапсыруды туған жерінде рухани орда аудандық орталық кітапханадан бастауды мақсат еткеніне тоқталды.
Ия, атамыздың ой толғауын тыңдай келе, қарт адамдарды қазына, шежіре деп жатамыз. Сондай қадірменді қарияларымыздың бірі – Ойшы Ысқақов атамыздың ұлағатты өмір жолынан көп ой түюге болатынын түсіндік. Сыр елінің Жаңақорған аданында туып-өскен Ойшы ағамыз күш-қайратын ел игілігіне жұмсаған азамат. Ағамыздың өмір жолдарынан бір ғасырлық тарихқа куә боласыз. Өткен ғасырдағы ашаршылық, қуғын-сүргін, одан кейінгі Ұлы Отан соғысы – міне, осы ауыртпалықтарды бастан өткерген.
Атамыздың «Көргендерім мен көңіл¬дерім», «Менің өмір мектебім» атты кітаптары аудандық кітапхана қорында бар. Бұл еңбектердің жас ұрпаққа пайдасы өте мол. Бір адамның өмір жолы арқылы тұтас ұлттың, халықтың өткен өміріне қанығуға болады. Ал енді өмірде көр¬ген¬дерінен ой түйіп, оларын оқырман қауыммен бөлісу өнегелі іс.
Атамыз денсаулығының дімкәстігіне қарамай сонау Алматыдан елімді, жерімді көрейін деп жол тартып, туған жерге келгені үлкен ерлік, парасатты азаматтылығы деп санауға толықтай негіз бар. Атамыз жәй келмей аудандық кітапхана қорына «Қазақ елі шежіресі» және «Сунақтар шежіресі» атты жаңа туындысын тарту етті.
Тұсауы кесілген жаңа шығарманың да өзіндік ерекшелігі бар. Елдің тарихы жеке рулардың тарихынан тұратыны белгілі. Автор жастарды, келешек ұрпақты ұлт тарихымен хабардар етіп, Отанын қорғайтын азаматтар тәрбиелеу мақсатында ру шежірелерін оқып, оларды ықшамдап, тарихи құжаттарға сәйкестендіріп жазылған.
Қазақ елінің шежіресімен етене танысқыңыз келсе, осы кітапты аудандық кітапханаға келіп оқи аласыздар.
Кездесу барысында «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, «Адырбек» және «Борыш» кітаптардың демеушісі.
өз саласымен еліміздің дамуына Облыстық мәслихат депутаты Жанкелді Ысқақов Ойшыұлы ағамыздың қосқан үлесі өз алдына, бүгінгі кешімізге аудандық кітапхананың кітап қорын толықтыру мақсатында өзінің жеке кітапханасынан 20 кітапты сыйға тартты.
Сондай-ақ, шара барысында ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторының міндетін атқарушы Б.Үсейінова, қаламгердің еңбегі жайында ойын ортаға салды.
Кеш соңында «Ардақты аға, тәлімгер тұлға» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылып О.Ысқақовтың кітаптары мен мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар ұсынылды.