№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » БЕРЕКЕСІ АРТҚАН СҮТТІҚҰДЫҚ ҺӘМ ҚАРИЛАР ҚҰТХАНАСЫ⠀

БЕРЕКЕСІ АРТҚАН СҮТТІҚҰДЫҚ ҺӘМ ҚАРИЛАР ҚҰТХАНАСЫ⠀


Жылдағы дәстүрінен жаңылмаған "Жаңарған Жаңақорған жастары" қоғамдық қоры аудандық мешітпен бірлесе отырып, облыстық Құран жарысын сәтті аяқтады.

Аралдан бастап, Жаңақорғанға дейінгі Құран жаттаған шәкірттер қатысты. Мені қызықтырғаны қатарынан 2 жыл болды Сүттіқұдық ауылының шәкірттері бас жүлдеге ие болып, умра қажылық жолдамасын жеңіп алғаны. Былтыр осы ауылдың шәкірті, бүгінде Нұр Мүбарак универінің студенті Жаңабай Жапеков әуезді үнімен оза шауып, бас жүлде алып, Мекке мен Мадина шаһарында кіші қажылығын өтеп қайтты. Ал биыл Бас мүфтидің қолынан умра қажылық сертификатын алған Ернар Алғабаста Сүттіқұдық ауылының абыройын асқақтатты.⠀Соңыра, ауыл жайлы жазуды ұйғардым. Кіл Құран жаттаған шәкірттер шеберханасының бастауын тарқатып көрелік. Жалпы Жаңақорған да Құраннан жарыс болса, ең көп шәкірт әкелетін осы ауыл. Ауыл имамы Рахманберді Мадалиевтың айтуынша, әу баста бұрынғы ауыл имамы Тұрсынхан қажы мен мешіт азаншысы Алихан Әлжановтан басталған. Алихан ағамыз азаншылықпен қоса, ұстаздық қызметті қоса атқарып шәкірт тәрбиелеп, Құран әліппесін танытқан. Ал Тұрсынхан ағамыз нағыз дін жанашыры. Қашанда туған ауылының рухани әлеуетін көтеруге көп күш салды. Бүгінде Алматы қаласына қоныс аударса да, ауылмен етене байланыста. Күні кеше Құран жарысқа арнайы Алматыдан келіп қатысты. Міне, осы екі кісінің ізгі бастамасын жалғастырған ауыл имамы Рахманберді Мадалиев, мешіт қызметкерлері Жұмабай Бердікеев, Досан бауырымыз шәкірт тәрбиелеу ісін жүйелі жалғастырды. Аға буынның сабақтастығын үзбей, дәрісханада Алланың кәләмін танытуды жолға қойды. Шүкір, бүгінде еселі еңбек өз жемісін беруде. Жаста болса, Нұртөре Бектаста шәкірт оқытып, біраз ұстаздық етті. Қазір өзі оқуда білімін жетілдіруде.⠀Тағы бір қызық дерек. Жаңақорған ауданы бойынша діни оқу орындарында оқып жатқан шәкірттердің ең көбі осы ауылдың тумалары. Мәселен, сүттіқұдықтық Әділбек мұсылман әлеміне аты мәшһүр Мысырдағы Әл-Әзһар университетінде оқып жатыр. Ал, Нұртөре мен Баубек Түркияның танымал діни оқу орны Хасеки академиясында білімін жалғастыруда. Алматыдағы Нұр Мүбарак университетінде де 2 қыз, 4 ұл оқып жатыр. Кентау қаласындағы "Бала би" қарилар медресесінде 3 бірдей сүттіқұдықтық шәкірт қарилыққа тәлім алуда.⠀Міне, жыл сайын бас жүлде алудың артында осындай Құран жаттауға құмар мектеп қалыптасқан сыр жатыр. Құран жаттаған елде, ауылда берекесі артатыны бесенеден белгілі. Сондықтан рухани, имани бағытта Сүттіқұдықтың өзге ауылдарға үлгі боларлық жөні бар.
30 наурыз 2022 ж. 535 0