№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жәдігер кіші қажылыққа жолдама алды

Жәдігер кіші қажылыққа жолдама алды


Жақында елордадағы құлшылық ордасы «Ақмешітте» алғаш рет Республикалық медресеаралық Құран Кәрім жарысы өткен болатын.


«Астана» медресесінің ұйымдас­тыруымен өткен айтулы сайысқа еліміздің 9 медресесінен 18 үміткер қатысты. Сайыс шартына сәйкес шәкірттер «29-30-пара» және «30-пара» аталымы бойынша сынға түсті. ІІ курста тәлім алатын шәкірттер тек 30-пара бойынша сұралса, ал, III курс шәкірттері екі пара бойынша да білімдерін ортаға салды.
ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құран сайысының ашылу салтанатына арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірді. Наиб мүфти жиылған жамағат пен қатысушы шәкірттерге қасиетті Құран Кәрімнің маңыздылығы мен мұсылман өмірінде алар орны жайында тұшымды насихат айтып, білім жолындағы шәкірттерге сәттілік тіледі.
Шәкірттердің білім деңгейін бағалап, сайысқа қазылық жасау жауапкершілігі ҚМДБ Діни білім жəне кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, республикалық қарилар орталығының директоры Сәдуақас қари Сағындықұлы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар қари Өсерханұлы және «Астана» медресесінің директоры Ибраһим Сматаевтарға жүктелді.
Сайыс ережесіне сәйкес, әрбір үміткер қазылар алқасы тарапынан қойылған үш сауалға жауап беріп отырды. Жарыс жеңімпазын анықтау барысында шәкірттердің Құран аяттарын жаттау қабілеті, оқу мәнері және әуезділігі ескерілді.
Сайыс соңында қатысушылар мен жеңіпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды.
Сонымен «29-30-пара» аталымы бойынша бас жүлде «Әбу Ханифа медресе колледжінің» шәкірті, жаңақорғандық Жәдігер Әлиәкбарға бұйырып, оған кіші қажылық жол­дамасы берілді. Жәдігер Нұрланұлы ең алғаш кенттегі «Хисамиддин Сығанақи» мешітінің ұстазы Әбдірахым Ержанұлынан тәлім алып, Құран әліппесіне түскен.

Самат ӘБДІШ
04 ақпан 2020 ж. 947 0