№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қара сөзбен жырлайын

Қара сөзбен жырлайын


Жер Ананы жайнатып көктем келді.
Жуып-шайып қар-селден өткелдерді,
Өткен күннен сақталған шежіресі,
Қуалайды күн түріп бөктерлерді,
Қуанышын қойнына ап Көктем келді!


Диқан сайлап кетпенін қырға шықты, егінші мәрт, жер жомарт сыр дарытты. Қол батыр, көздің қорқақ екені рас, еңбектен қашпағаннан кім бар мықты. Қыстайғы қыңқыл-сыңқыл дертті қуып кірісер жең түрініп, белді буып, балаша мәпелейді ен даланы, қуалап су ағады сай-саланы.
«Алладан тілегеннің екі бүйірі шығады, адамнан сұрағанның екі көзі шығады» – халықтың сөзі даналықтан тұрады. Еңбегінен тапқан әр кез нәсібін, тіленшектік болған емес кәсібі, бұл қазақты дана еткен, ер еткен, жігері мен намысы екен әсілі, мұқалмасын жасампаздық жасыны!
Көктем келді дүр сілкінді тіршілік, бүршік атты жасыл терек, тал шыбық, жер-ананың тулап жатыр тамыры, жас баладай жарық күнге талпынып.
Көктем келді туған жердің төсіне, тарту етті бақ-береке несібе, көктем болып көктемесе көңілің адам болып жаратылдың несіне.
Қоныс еткен Қаратаудың қойнауын, берекелі ырысты ауыл, қойлы ауыл, керемет қой кербез сұлу кесілген, көз алдында жатыр дала есілген, маңырайды төлдер үні қыратта, жонын төсеп күн көзіне шуақтап, қызу еңбек қайнап жатыр қыр басы, жанды тербер табиғаттың музасы.
Жылдың төрт мезгілі. Ұққан жанда онда сансыз ғибрат бар. Адам өмірінің де күні мен түні, қысы мен жазы болады, ал пенделер бұл дүниенің қонағы, ырзықы мен несібесін теріп жеп тіршіліктен бұйырғанын алады.
Нағыз еңбек адамының әр күні, әр сағаты, әр сәті берекелі де, ырысты еңбекке толы, сол еңбек үстіндегі қиындық-кедергі атаулыны жеңбекке толы болады екен ғой, сондықтан да оның бір күнінен әр күнінің айырмашылығы жоқ, тіпті бүкіл ғұмырын алақанға салып, саралап, салмақтап көрші, оның елім деп соққан жүрегінің әмірі үнемі ізгілікті істерге бастап, әр жылға игілікті іздерін тастап, сайрап жатқанын байқар ма едік.
Тіршілік барда, адам барда еңбек бар. Еңбек барда қиындықты жеңбек бар. Еңбек деген өмірің ғой өлшеулі, еңбегіңмен бағалайды ел сені!
Наурыз айы-берекенің бастауы, көңілдерге бір-бір ұшқын тастады, ел мәз болар қосылып бір бастары, не бар артық сыйластыққа тең келер, өте шығар бұл өмір де қас-қағым.
Аққа жарып ауызы ауыл-елдің, қыдырыстап көршілер асар белді, төрге төсеп батсайы көрпе қабат, сақтаған сүр қазысын қазанға сап, асылар наурыз көже әр үй сайын, кеңге жайып пейілін көңілдер шат.
Шаруақорға күй бітіп, дәулеттеніп, иығы ауыл елдің жаңаланған, әрдайым жақсы күнге иек артып, өнбесті өшірейік саналардан, тілектес табиғат та пендесіне, айналдым қасиетті жер-анадан!
Күн төбеден мейірленіп қарады, ашылар ма пенделердің қабағы, кеміген бе көп жүректе қанағат, неге адамдар қатыгез боп барады, елемей-ақ ескі-құсқы жараны, апарайық алғы күнге жаңаны!
Наурыз айы-жылдың басы бұл анық, тал-теректер шыға келер сыланып, сезім жігіт кеудесіне ұя сап, ғашығына асығады гүл алып, неткен мөлдір тұнық еді махаббат, бұл дүние тұр ғой содан құралып.
Келіпті бұл өңірге жаңа заман, жақсы екен ғой бір-бірін бағалаған, айта жүрер артына із қалдыру, дәстүріміз емес пе еді бабалардан, ұмтылған жаңаруға, жасаруға, алайық өнегені Жер-анадан!
Наурыз құтты, баянды болсын.

Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ
22 наурыз 2022 ж. 353 0