БИЫЛ АРКТИКАҒА КӨКТЕМ ЕРТЕ КЕЛДІ
Биыл Арктикадағы көктем осыдан 10 жыл бұрынғыға қарағанда 20-30 күнге ерте келіп жетті, – деп жазды Baq.kz агенттігі РИА порталына сілтеме жасай отырып.
«Табиғатты аялайтындар да, ғалымдар да бүгінде көктем әдеттегіден ерте басталып жатқанын бұрыннан болжаған еді. Біз мұны растадық және Арктикада бұл жағдай төменгі ендіктерге қарағанда айтарлықтай күшті байқалып тұр. Сонымен қатар, біз бұл барлық өзгеріс көктемнің бірінші күндеріндегі температура қазіргі уақытта 10 жыл бұрынғыға қарағанда жылдам өсіп жатқанын көрсете алдық», - дейді Дэвистегі Калифорния университетінің өкілі Эрик Пост.
Арктика, тау мұздықтарымен бірге, жаһандық жылу үшін аса сезімтал аймақтардың бірі болып табылады. Мұнда жылдық орташа температура соңғы жылдары 6-7 градусқа артты. Оның мұздарының еруі болашақта Жердің климаты мен жалпы ондағы тіршілік үшін елеулі өзгерістер алып келетіні жайында ғалымдар дабыл қағуда.

Пікір 2