Мәдениет атаулы ізгіліктен бастау алады
Өркениетке табан тіреп, жетістіктің шыңынақол жеткізген мемлекет болсын, аяққа енді тұрып тұғырын тіктей бастаған тәуелсіз елдер болсын адамдары бір-бірінен шынайы қарым-қатынасын үзген қоғамда құндылықтың мәні жоқ. Барлығы адам үшін, адам игілігі үшін жасалатындықтан соның жарқын жемісі қоғам мүшелерінің интеллектуалдық деңгейімен таразыланады. Осы ретте елдің рухани бет-әлпетінің айнасындай мәдениет саласы саңлақтарының ел өміріндегі өрнекті іздері олардың атқарған істерімен айшықталары кәміл. Мемлекет басшысының кешегі халыққа арнаған Жолдауында: «2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерлеоінің жалақысы өсті. Бірақ, бюджеттен қаржыландырылатын өзге сала азаматтары бұдан тыс қалды. Бұлар – мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілер, және тағы басқалар. Сондықтан 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіретін болады. Тұтастай алғанда тағы 600 мың отандасымыз бұл бастаманың игілігін көреді» деген болатын. Бұл қамқорлықтар әрине, сала жұмысына бұранғыдан да зор серпін береді. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылығына тағайындалғанына Нұрымжан Сәбитұлымен сұхбаттасып отырған жетінші қыркүйек күні екі ай уақыт болады екен. Біздің сауалдарымыз да осы бағытта өрбіді.
– Нені түйдіңіз? Ақсап жатқан тұстарымызды да, асқаралы жоспарларымызды да айқындап алуға бұл мерзім жеткілікті ме?
– Бұған дейін мемлекеттік қызметте жинаған іс-тәжірибем тұрғысынан келгенде сала жұмысы маған етене таныс десем де болады. Дегемен соңғы бір-бір жарым жыл біздің тұтас өмірімізге өзгеріс ендіріп отырғаны аян. Мәселе, соған икемделе білуде.
Аудан бойынша 2 мәдениет үйі, 27 ауылдық клуб, 3 мәдени-демалыс кешені, 9 халықтық өнер ұжымы, 36 кітапхана, аудандық өлкетану мұражайы халыққа мәдени қызмет көрсетіп келеді. Соңғы кездері елдегі пандемиялық ахуалға байланысты онлайн шаралар басымдыққа ие. Мұның бір ұтымды тұсы да бар. Сахнада өтетін бір шараға 500 көрерменді қамти алсақ, әлеуметтік желі арқылы оның саны 10 мыңнан артатынын көріп отырмыз. Осылайша, биылдыққа 553 мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылып, оған 47 мың 176 көрермен тартылыпты.
Кешегі эпидахуал тұрақтанған маусым-шлде айларында жергілікті жерде облыстық деңгейдегі шараларға басымдық берілді. Атап айтқанда, Байкенже ауылдық клуб үйінде Шәймен ақын атындағы термешілер байқауы ұйымдастырылса, Талап ауылында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шара, Қожамберді ауылдық клуб үйінде «Айттым, сәлем, Қаламқас» атты ақын әндерінен байқау, аудандық Мәдениет үйінде «О, гитара, шырқайық, сені» облыстық әншілер байқауы өткізіліп, оған әділқазылық еткен танымал өнер өкілдерінің бағалауымен байқау жеңімпаздары анықталып, дипломдармен, лайықты сый-сияпаттармен марапатталды. Жайылма ауылында 10 тамыз – Абай ақынның туған күніне орай ардагерлер арасында өнер фестивалі өтті. Облыс көлеміндегі жазба ақындардың он-лайн үлгіде Абайға арнауы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген тақырыпта арна тартып, талай тарландар танылды. Қожакент ауылында сатира сарбазы Қазбек Башаров атында облыстық байқауы өтті. Сол сияқты Шәкір Дүйсенбиев атында «Шәкең салған ізбенен» атты клуб меңгерушілерінің кәсіби байқауы өтті. Қазан-қараша айларында клуб меңгерушілерімен режиссер Әмір Мажитов жүлдесі үшін «Мәңгілік мекенім – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында прологтар байқауы өтеді. Жергілікті композитор Жалғас Кеңесов атында ардагер орындаушылардың облыстық байқауы, Жазушылар Одағы және суретшілер одағының мүшесі Сейсен Мұхтарұлының 75 жылдығына орай «Сыр әлемі» суретшілер мен қаламгерлер байқауы, сазгер Тәңірберген Қалауовтың 85 жылдық мерейтойына орай облыстық композиторлар байқауы ұйымдастырылады. «Отызда орда бұзар» тақырыбында Тәуелсіздік құрдастары арасында «Жігіт сұлтаны» байқауын өткіземіз. Желтосан айында Тәуелсіздік мерекесіне орай Мәдениет сарайында үлкен салтанатты мерекелік концерт өтеді.
– Әр жылдың өнерге де өзіндік шашуы болады. Биыл Павлодардың Успен ауданы мәдениет саласымен тығыз байланысқа жол ашқан қос аудан әкімдерінің меморандумы соңғы оншақты жылда үзіліп қалған дәстүрдің жібін қайта жалғаған сынды. Осы қарым-қатынасқа қандай баға беруге болады?
– Шілде айында керекуліктер ауданымызда болып, Сыр елінің тарихи орындарын аралап, жергілікті салт-санамыздың озық үрдістеріне көңіл қанықтырса, біз өзіміз Кереку өңірінде болған 26 тамыз бен 2-қыркүйек аралығында әсіресе өзіміздің алып барған «МәшҺүр-Жүсіп» драмасымен солтустіктегі елдің зор сүйіспеншілігіне кенелдік. Бүл есім жергілікті халықтың кіндігімен байланып қалған киелілігімен қымбат. Керемет дарынымен сол есімді құтты қонысында қайта тірілткен талант иесі Әбжаппаров Дінмұхамедке елдің құрметі ерекше. Ар жағындағы Баянауыл, Ақтоғай ауданы халқы да қойылымға қызу өтініш білдіріп отыр. Тұлғаға құрмет халықтың бір-біріне деген шынайы тамырластығына жол ашып отыр. Шектеу мерзімі аяқталған соң драманы өз облысымыз аумағында да қоятын боламыз.
Өткенді ұлықтап, рухын тірілту мәдениеттің мәртебесін биіктетеді. Бізде осы жағына аса мән беріп, қызметкерлеріміздің үнемі оқып-ізденіп, өз-өзін жетілдіріп отыруына мүдделілік басым.
– «Мен мәдениет министрінен қорықпаймын. Министрдің мәдениетінен қорқамын» деген екен кезінде Шәкен Айманов. Қазақ тіліне дегенқатыбас көзқарас, қазақ мәдениетіне шовинистік саясат үстемдік құрған әділетсіз кезеңде айтылған мұңлы пікір ғой бұл. Дегенмен, мәдениет мәртебесін айқындайтын соның айналасында жүргендер деген пікірмен келісесіз бе?
– Әрине, «театр киімілгіштен басталады» дегендей, ел мәдениетінің деңгейін өнер саласындағы азаматтарына қарап айнытпай тануға болады. Сондықтан да сала қызметкерлері, етек-жеңімізді жиып ұстап, өз-өзімізгеаса талапшыл болуымыз керек. Біздің жүріс-тұрысымыз, сөйлеген сөзіміз көптің көз алдында, ел бізге қарап бой түзейді. Осы жауапкершілік абыройға жеткізеді.
– Жұмсақ немесе қатал мінезді басшы, өзіңізді осының қайсысына жатқызар едіңіз?
– Әлгінде айттым ғой, еңбек жолым аудандық ішкі саясат бөлімінде басталды. Жаңа ғасырдың алғашқы күндері халыққа ауыр тиді ғой. Тұрмыстық игіліктер тапшы, халықтың аш құрсақтау кезі, бірақ имандылыққа ынта-ықыласы басым, құдыреттен жарылқау тілеп, жақсылыққа құштарлықтың аста-төк арнасынан тасып, жан тазалығымен жарасым тапқанын әркімнің жанарынан тануға болар сол бір кезеңдерде «Ізгілікті іздесең» деген тақырыпта ұстаз аға-аналар Зинабдин Шермағанбетов, Хадиша Баязитова бастаған насихат тобын құрып, ауыл-ауылды аралаған тәлімді шаралардан өзгені қайдам, өз басым алған өнегем күні бүгін шамшырақ болып, жанымды нұрландырып келеді. Жаста алған тәрбие, жақсы сөз өмірлік сабақ болып санаңда қалады екен. Сол кезде жүрекке мықтап орныққан сенім, обал-сауап ұғымдары сан сынақта сүріндірмей, желеп-жебеп келе жатқаны рас болса, осындай мөлдір тәлім-тәрбиеден қағажу қалған ұрпақтың жайы мені алаңдатады. ЖаҺанданудың апанына жұтылып, адамдарымыз адаспасын десек, қоғам түзелсін десек, біз осынау құндылықтарымызды болашақ бойына бала жастансіңіруге тиіспіз. Мәдениеттің пұшпағын бір илеген ұлт жанашырлары осы бағытта білім-білігімізді ұйыстырсақ жоғымызды түгендеп, арттағыға сәулелі жақсылық қалдыруға мол мүмкіндігіміз бар. Мен осыған қуанамын.
– Әңгімеңізге размет Ел игілігі жолындағы барша қызметтеріңізге сәттілік тілейміз.
Әңгімелескен
Баян Үсейінова