№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыр өңірінің Елордалықтарға күзгі тартуы

Сыр өңірінің Елордалықтарға күзгі тартуы

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан Шатыры» сауда орталығы жанында екі күндік Қызылорда облысының дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде. Жәрмеңкеде70-ке жуық Сыр диханы мен кәсіпорыны 40 жүк автокөлігімен жалпы құны 100 млн теңгені құрайтын 400 тоннаға жуық өнімді елордалық тұрғындарға ұсынуда.
Нұр-Сұлтан қаласында тұратын жерлестер осы жаңалықты қуанышпен жеткізді.
– Жылда қызылордалықтардың жәрмеңкесі қашан келеді екен күтеміз. Бірінішіден, туған жердің құнарлы ауылшаруашылық өнімдері – күріш пен картопты қысқа жететін деңгейде сатып аламыз. Екіншіден, туған жерге деген сағынышты басамыз, – дейді елордалық Сағат Сәрсенбайұлы.  
Арқа төріндегі тұрғындар Қызылорда облысының брендіне айналған балығы мен ас тұзы, қауыны мен қарбызынан дәм татуда.
Сырбойылықтар жәрмеңкеге 140 тонна күріш, 20 тонна балық және балық өнімдері, 150 тонна бақша өнімдері, 40 тонна асқабақ, 40 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 3 тонна ас тұзы, 5 тонна сүт және кондитер өнімдерін ұсынды. Жаңақорған аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметінде, жаңақорғандықтар Елордадағы жәрмеңкеге 40 тонна қауын-қарбыз, 8 тонна қызанақ, 5 күріш, 5 көкөніс, 5 жеміс-жидек апарды.


Айта кету керек, жәрмеңкеде карантин талаптары сақталып, тауар ұсынушылар дезинфекциялық құралдармен толық қамтылған.
Жалпы Қызылорда өңірінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және агроөнеркәсіптік кешен жүйесін тиімді жүргізу мәселелері жолға қойылған. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығының ішінде аймақтың аграрлық саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.
Атап айтқанда, соңғы 10 жылда (2020 жылды 2010 жылмен салыстырғанда) облыстың жалпы өңірлік өнім құрылымдағы ауыл шаруашылығының үлесі 4,3%-дан 5,9%-ға дейін ұлғайған.
Мал шаруашылығын дамыту бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде ірі қара мал басы 1,5 есе, жылқы 2,3 есе, түйе 2 есе өсті.
Биылғы жылы да облыстың жалпы егіс көлемі 3,9 мың гектарға ұлғайып, барлығы 188,1 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде дәндi дақылдар 96,6 мың гектар, майлы дақылдар 6,7 мың гектар, мал азықтық дақылдар 66,4 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 18,3 мың гектарды құрады. Негізгі дақыл, күрiштің көлемі 83,6 мың гектар.Егілген күріштен жоғары өнім алу мақсатында күріш егісіне 100 процент жоғары репродукциялы тұқымдар себілді. Облыста күрішке орақ салу жұмыстары 26 тамыздан басталды. Бүгінгі күні 4 716 гектар күрішке орақ салынып, оның 2 495 гектары бастырылды. Әр гектардан орташа 42,3 центнерден өнім алынуда. Сонымен қатар, бүгінде облыста 242,7 мың тонна картоп, көкөніс, бақша және 20,2 мың тонна ет, 49,5 мың тонна сүт өндіріліп отыр.
Еске салайық, Сыр елінің ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 16 мемлекетіне экспортталуда. Экспортталған өнімнің 95 проценті – облыстың негізгі дақылы, күріш өнімі. Күріш Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан және Ирак мемлекеттеріне жіберілуде.
Сыр елінің өнімдері ұсынылатын жәрмеңке ертең де жалғасады.
12 қыркүйек 2021 ж. 370 0