Болмысы бөлек тұлға
«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бір қыры – тұлғатану тәлімі десек, біз жерлес тұлғаларды дәріптеуді жалғастырамыз...
Сәкең – Сейтхан аға терең ойлы, сабырлы азамат болатын. Ауданның төл газетіне ара-тұра келіп-кететін. Сосын көп ұзамай Сәкеңнің мазмұнға бай мақаласы жарық көретін.Оны мен көрмегелі екі жылдан асты. Руханиятқа жақын адамды іздейсің. Әттең, Алланың ісіне шара бар ма?
Соңғы рет 2019 жылдың көктемінде бір ағайынның асында жолықтық. Есендесіп, аман-саулық сұрастық. Шымкентке көшіп кеткеніне 5-6 жылдың жүзі болған ағай ас соңында өзіне жолығуым керектігін ескертті. Кездестік.
Әңгіме барысында осыдан 7-8 жыл бұрын айтылған, қарт Қаратаудың қойнауындағы Ынтымақ ауылынан шыққан, бұл күндері арамызда жоқ мемлекет және қоғам қайраткерлері - Ідая Мұстафаев, сазгер-күйші, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жарылқасын Тұрлыбеков, шығыстанушы, филология ғылымдарының докторы Әбжан Құрышжанов, жазушы Дүкенбай Досжан туралы зерттеу-естелік мақалалар жариялау туралы еске алды. Сөз аяғында өзі шыққан Үсенбаевтар әулетінен бұл күні есімдері қалың елге белгіілі бірнеше азаматтардың атын атап, осы кісілер туралы толымды жазылса деген пікірін бөлісті.
Өкінішті-ақ. Тіршіліктің күйбең аяғымен жүріп біз ескермей жүрген есімдер қаншама. Енді сол үлкендер туралы жазылар естелікті оның өзінен – Сейтхан Аға Исабайұлынан бастап отырмын.
Біздің балалау кезімізде ауылдан шыққан оқымысты жандар онша көп болған жоқ. Айналасы 10-15 отбасының ғана балалары орта білімнен кейін білімін жетілдіріп жоғарғы оқу орнына түсіп оқыды. Біздің жақсы оқып жоғары білім алуымызға осы Исамбай мен Исабайдың ұрпақтары туралы әкем Қалдыбек пен анам Перузаның айтқан мақтаулары себеп болды деп атасам шындықтан ұзап кете қоймағаным. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары ұл-қыздарының дерлігі жоғарғы білім алып ғылым жолына түскен отбасылар саусақпен санарлық. Солардың арасында ағайынды Исамбайдың Мәмет, Әшім, Совет, Исабайдың Сейілхан, Сейтхан мен Медалхан деген балалары ерекше бөлек аталатын. Мәмет пен Әшім сол кезде ақ ғылым саласында аттары шыққан азаматтар еді.
Сейітхан аға соғыстың қайнап тұрған кезінде 1944 жылдың 12 ақпанында қарт Қаратаудың қойнауындағы «Қосүйеңкі елді мекенінде дүниеге келді. Орта мектепті жақсы бағаға тәмамдап, алматы зооветеринария институтына оұуға түседі.
1963 жылдың күзінде Сейтхан да әскер қатарына шақырылып, 1966 жылдың қара күзіне дейін Томск қаласы маңында әскери борышын өтейді.
1970 жылдың басында Сейтхан Батыс Қазақстанның ару қызы болашақ ұстаз Хапиза Насырқызына үйленеді. Институтты бітіріп арнайы жолдамамен Қостанай облысына Жетіқара ауданындағы «Покровка» кеңшарында мал дәрігері болып еңбек жолын бастайды. Ол мұнда мал тұқымын асылдандырумен айналысатын жетекші ғалым-селлекционер мал дәрігерлерінен көп нәрсе үйренеді. Арада бірнеше ай өткесін кеңшар басшыларының келісімімен елге көшеді. Туған топырағына оралған Сейтхан 1971 жылдың басында «Төменарық» кеңшарына мал дәрігері болып орналасады. Міне осы кезеңнен Сейтханның қиын да қызмет жолы басталып, осында маман ретінде қалыптасып, билік баспалдағына жол ашылды. Еңбекшіл де жаңалыққа жаны құмар жас маман қай кезде болмасын малшылардың қалаулы жандарының біріне айналды. Ол аға дәрігер болып қызмет еткен жылдары мал өлімі азайып, өсірілуге қалдырылған төл саны артты. Бұған дейін мұндай жоғарғы көрсеткішке қол жетпей келген еді. 1973 жылы кеңшар мен аудан басшылығы жас маманның талпыныстары мен жеткен жетістіктерін саралай келіп «Коммунизм» бөлімшесіне (қазіргі Қожамберді ауылдық округіне)меңгеруші етіп тағайындады. Осындағы өткізген бес жыл туралы, сондағы өмір жолына қайта зердеге салған Сәкең:
– Алғашқы еңбек жолымнан бастап аузын ашса таңдайы көрінетін, айтқан сөзіңе баладай сенетін міндетін адалдықпен атқаратын шаруалар мен еңбекшілердің арасына түстім. Адами қасиеттері жоғары, жандүниесі бай, еңбекке ынта жігерімен берілген жандарды малшылар мен қарапайым жұмысшы-қызметкерлер арасынан көптеп кездестірдім, – дейді ол.
Болмысы бөлек ол қай бір істе болмасын әлдебір мамандардай жалған көрсеткішке жұмыс істемейтін. Қайта кетіп жатқан кемшіліктер болса, соның түбірін тауып жөндеуді қоштайтын. Оның осындай өз мамандығына деген адалдығы мен турашылдығы сол кездегі аудандық ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі, ауылшаруашылығының асқан білгірі, ауданның қалыптасуына еңбегі сіңген қайраткер Зұлпыхар Мұсахановтың көңілінен шығып, оны аудандық ветеринариялық станцияның бас мал дәрігері әрі аудандық ауылшаруашылық бөлімі бас малдәрігерінің орынбасары етіп ауысуына ықпал етті. Ізденімпаз жас маман басшылық сенімін ақтады. Ол білмейтіндерін аға буын мал дәрігерлерінен ғылыми негізде мал ауруын анықтауды ал байырғы малшылардан қазақы емдеу тәсілдерін үйреніп, осы үйренгендерінің оң-терісін зерделеп тиімдісін мал емдеуге қолданды. Нәтижесінде мал шығыны азайып, жыл сайын мал басы артты. Кеңестік дәуірдің соңғы жылдары ауданда уақ малдың саны 256 мыңнан асса, ірі қара мен жылқы, түйе саны да артқанының куәсі болдық.
Ел тәуелсіздігін алғаннан кейін 1993 жылы аудандық агроөндірістік бірлестігінің бас малдәрігері болып тағайындалған Сәкең, 1999 жылдың күзінен 2007 жылы зейнет демалысына шыққанша ветеринария саласының реформалануына орай Ауылшаруашылығы министрлігінің аудандық аумақтық басқармасының мемлекеттік бас ветинспекторы қызметін атқарып келді. Сәкеңмен ұзақ жылдар үзеңгілес жұмыс істеген еңбек ардагері Құрбанай Майлыбаев сол кездер туралы былай дейді:
– Мен ол кезде аудандық өсімдік қорғау мекемесін басқаратынмын. 1999 жылдың қазан айында аудандық ветеринариялық станциясы мен өсімдік қорғау мекемесі біріктіріліп аудандық аумақтық басқарма құрылды да оған Қажымұхан Сопыбеков басшы болып келді. Сәкең басқармада сол бұрынғы лауазымымен қызмет атқара берді. Жарты жыл өткенде басқармаға орынбасарлық штат берілді. Сонда Сәкеңнің өзі маған келіп: – Құрбанай мына орынға сен лайықтысың, құжаттарыңды комиссияға ұсын деп ұсыныс айтты. Сіздің жасыңыз үлкен ғой, тәжрибеңіз де жетерлік дегенімде, – Көп сөзді қой, мен енді 7 жылда зейнетке шығамын. Сен болсаң әлі 16-17 жыл еңбек етесің, – деп қоярда қоймай құжаттарымды апарып өзі өткізді.Сәкеңмен қызмет еткен осы бір жылдар мен үшін үлкен өмір мектебі болды десем артық айтқандық емес. Одан көп үйрендім. Өз мамандығым агроном бола тұра арада 3-4 жыл өткенде менде малда болатын ауру түрлері және оны қандай жолмен емдеу керектігі жөнінде тәп-тәуір мағлұматым болды. Сәкеңнің арқасында мемлекет тарапынан тегін ваксинация жасалатын 16 түрлі төрт түлікке аса қауіпті ауру түрін біліп, оған қанша мөлшерде дәрі керектігін Сәкеңнің айтуымен үйреніп алдым. Бірнеше рет осы дәрілерге байланысты жоғарғы орындардың алдына мәселе көтеріп оны қорғап шықтым. Мұның бәрі сол Сәкеңнің үйретуінің арқасы дер едім. Ол ветеринария туралы кітаптарды кітапханадан, біразын арнайы тапсырыспен ғылыми зерттеу институттарынан алдыратын. Оның өз мамандығына орай көп оқып ізденгенінің нәтижесі сол жылдары айқын көрінді.Сейтхан аға тоқырау жылдары мал басының күрт кеміп кетуі мен төрт түлік мал ауруларының өршуін тоқтатуға байланысты жергілікті жерлерде мал дәрігерлерінің ықпалын күшейтуге атсалысты.
Сәкең жұмысқа келгенде өте принципшіл еді. Кейбір малдәрігерлерінің малдан қан алуда көзбояушылыққа жол бергенін байқап қалып оларды дер кезінде тәртіпке шақырып отырды.
– Өз мамандығына деген сүйіспеншілік Сейтхан ағаны біржақты алып кеткен жоқ. Ол берекелі де тату отбасының ұстыны бола білді. Жүрек қалауымен қосылған абзал жары Хапиза Насырқызы екеуі 2 ұл мен 2 қыз өсіріп тәрбиелеп, олардан 12 немере сүйді. Ол балалары мен қыздарын тәрбиелі етіп өсіріп, олардың келешекте мамандық алуларына ықпал етті. Ұлдары мемлекеттік деңгейде қызметте болса, қыздары ана жолын қуып ұстаздық еткен қазақ тілі мен әдебиеті мамандары, жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Былайғы жұртқа өзгешелеу көрінетін Сәкең сол ірілігіне қарамастан өте балажан еді, – дейді оның туған інісі Батырхан Исабайұлы. Ағам сонымен қатар әдеби және тарихи кітаптарды көп оқитын және сол кітап туралы өз пікірін білдіріп отырды деген сөзінің жаны бар.
Сәкең тек кітап оқумен шектелмей шығармашылықпен айналысатын жандармен де достық қарым-қатынаста болыпты. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге де өзіндік пайыммен қарап, бүкіл болмысымен зерделей білді. Ол қанша ірі болса жүрегі соншама нәзік болды. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді бар болмысымен қабылдайтын. Тынымбай Нұрмағамбетовпен, Әбжан Құрышжановпен шығармашылық байланысын үзген жоқ.
Әттең енді Сәкеңдей-Сейтхан ағадай айналасына жанарының мейірім-шуағын төгіп тұратын жанның арамызға қайта оралмайтыны өкінішті. Көзі тірі болғанда оның тек мал маманы ғана емес жаны нәзік қаламгер болары анық еді.
Иә, дана халқымыз «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дегендей, Сейтхан аға айтқан сөздер мен оның жазған мақалалары көптің жүрегінде ұзақ сақталары сөзсіз.
Ерубай ҚАЛДЫБЕК,
Қазақстан Журналистер
Одағының мүшесі