№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ұрпақтар сабақтастығы үзілмеуі тиіс

Ұрпақтар сабақтастығы үзілмеуі тиіс

  Тұңғыш Прзиденттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Тұлғатану» жобасы аясында ел мен жерге қызмет етіп жүрген, тұлғалар есімін қайта жаңғырту керектігін айтқан болатын. Осы бағытта Машбек ауылындағы № 196 мектеп ұжымы ұлағатты шараның ұйытқысы болды.

«Өнермен өрілген өнер» тақы­рыбымен өрбіген рухани-мәдени шарада ардагер ұстаз Тұйғын Увашева мен ауылдық округтің жастар ісі жөніндегі маманы Асқар Құрбанбеков өнер адамы – кеш иесі Жақсыгүл апай жөнінде кеңірек тоқталып өтті.
Кездесу барысында қаншама өнерді бір ойында қамтыған өнер иесінің шы­ғар­машылығынан жырлары оқылып, ақын сөзіне жазылған әндері шырқалды. Ақынның өмірінен сыр шертетін бейне­роликтер мен соңғы қатысқан бай­қау­ларынан үзінділер көрсетілді.
Сырлы сұхбатқа толы болған әсерлі кеште оқушылар Жақсыгүл Бегманованың өмірін, шығармашылығын, адами болмыс-бітімін таныды. Оқушылардың рухани қуаттануына себепші болған мектеп кітапханашысы Ақбаян Айдарғазиева өнер майталманы, сан өнерді бір бойына жинаған ақын-жазушы, әнші-сазгер Жақсыгүлдей іскер анаға ауылға келіп, оқушылармен кездесіп, шығармашылық жолыңдағы көп біле бермейтін тың жаңалықтармен бөліскеніне рақмет айтып, ыстық лебізін білдірді. Сондай-ақ, кештің мазмұнды өтуіне атсалысқан ұстаз Айдана Тасболатованың сөз саптау мәдениеті мен кеш иесін дәріптеуі көңілге жылылық ұялатты.
Шара соңында мектеп директоры Талғат Есқабылов: Рухани кештің куәсі болдыңыздар. Ортамызда жүрген осындай абыз аналарымыз барда қоғамымыз қай салада болмасын алда болады. Шақыртуымызды қабыл алып келгеніңізге алғысымыз шексіз, – дей келе сый-сияпатын тапсырып, құрмет көрсетті.
Ал, кеш кейіпкері Жақсыгүл апа жиналған қауымға басын иіп, «Ана махаббаты» туындысын мектеп кітапханасына табыстап, мектеп басшысы мен ұжымына, барша шара қатысушыларына ризашылығын білдіріп, естелік суретке түсіп, алғысын айтты.
Айта кететіні, бұл мектепте танымал тұлғалермен кездесу шаралары дәстүрге айналған. Тағылымы мол кездесулер ұрпақты тәрбиелеуге, оқуға деген құштарлықты оятуда, алға қойған мақсаттарына жетуге мол ықпалын тигізері сөзсіз. Жақсыгүл Бегмановамен өткен кездесу осындай боды. Ол бәріне ашық адам болғандықтан әр көрерменін жалғыз көріп, жақын тарта, еркелеп те алады. Өйткені, сахна дегеннің өзі – сырласатын, барлық өмірлік сұрағыңа жауап табатын, қуанатын, жүйкеңді жадырататын киелі орын. Қаншама өнерді тұла бойында жасырған Жақсыгүл апайымыздың осылардың бәрінен де биік тұратын тағы бір қыры бар. Ол қуанышты да, қайғыны да, мансапты да, тауқыметті де талмай көтерген жеңімпаз Ана тұлғасы. Тік тұрып қол соғуға тұратын тұлға.

Лаура АЙДАРХАН.
04 мамыр 2019 ж. 992 0