Адамзаттың жарық шамшырағы
Абайдан алыстаған сайын ұлы ақынға жақындауға тырысып, өлеңдерін, қарасөзін жаттап, жүрек түкпірінде сақтап әр сөзінің мәніне, мағынасына үңілген сайын огы жаңа қырынан танып, таңдана жүруіміздің астарында адамзаттың маңдайына біткен ерекше болмыс иесінің тылсым табиғаты тұнып тұр.
ӘрқазақАбайдыбілеміндепойлайды. БалакезіндежаттағанАбайдыңөлеңдерітілұшынаоралады. Бірақосыдүниелердіңтүпкі мағынасынаүңілгенде табмғаттығанаемес, санқырлыөмірдіңсыр-сипатынфилософиялықтұрғыдабейнелейтінзаманасуреті, әділдікпенайлакерлікшарпысқанқаталқоғамныңқарама-қайшылығытелегей-теңізойтізбектеріменкөңілтереңінентолқыпшығады. АқынжанынатереңбойлағысыәркімүшінАбайәліжұмбақ, күздеоқығанжанға «Жаздағы» Абайжоқ, «Қыс» өлеңіноқығанадамкүздегіАбайдытабаалмайды. Тұтасақылды, ойды, сезімді, мейірімді, мінәжатты, сүйіспеншілікті, уайымды, үміттіалма-кезекарқауетіп, алысқакөзтіккенақынкөкірегішергетолы. Ал «сутүбіндежатқансөзшертолқытсашығады».
Ақынның туғанына 175 жыл толуына орай еліміздің барлық аймақтарында өнер ұжымдары және кітапханаларда әдеби кештер, мүшайра, жыр эстафеталары өтті. Шынын айту керек, әрбір шарада ақынның ізін жалғап, қарасөзден өрнек теріп өлең жазуға талаптанып жүрген жас ақындырдың аяқалысына бәрінен де бұрын ынтықтырып ықыластана ден қойғанымыз рас. Құмнан маржан сүзгендей күткеніміз көрікті ой, ойлы сарын. Оның кені кешегінің көзінде, бабалардың сөзінде. Оны қазір кім түгендеп жатыр. Сан ғасырлар бойы сұлу сөз, сырбаз мінезімізді атадан балаға мирас етіп келген асыл сабақтастықтың тіні - құймақұлақтық қасиетімізден ажырап қалғанымыз рас. Алыстан біреу келсе жағалай жанында отырып, арыдан қозғаған құнарлы әңгімесін құмары қанғанша тыңдап, көңіл байытып, көзқарасы кеңитін көкөрімді осы ғибраттан ажыраттық. Олар өздерінше өз әлемінде өсіп-жетіліп, кісіге жуүдан, жақсы сөзді ұғудан қалды. Сондықтан бүгін ұйқас қуып, өлең жаздым деп жүргеннің көбі осы алтын арқаудың жібінен айрылып қалған, жалаңаштанған, тұспалдап жеткізер теңеу, бейнелі сөздер лексиконында жоқ, технократияның тілімен өлең құрастыратын қалпымен танымал.
Солардың көбі Абайға ауыз салып, сынағысы келетінін қайтерсің? Шетелде білім алып келгендері әлем әдебиетінен әрнені оқығанынан әсерленіп, ұйқасын соған теліп жаңалық ашқан болады. Содан да біз Абай тілінен – әдеби тілімізден ажырап бара жатырмыз. Мұны Абай сол кезде болжалдаған. «Қорқамын кейінгі жас балалардан» дегенде нені меңзеді?
Өнер әлемі бір басқа, шынайы өмірде егемен еліміздің ертеңіне лайықты бір-бір міндетті арқаланып, дүниенің тетігін тауып қалануға тиіс жастарымыздың бойынан аңғарылып қалып жүрген «еріншек бекер мал шашпақтың» керін сол кезде жазылған ақын өлеңінен көргенімізде ойшылдың данышпандық кереметі еріксіз бас идіреді. Қараңыз:
«Заманақыр жастары,
Қосылмас ешбір бастары.
Біріне-бірі қастыққа,
Қойнына тыққан тастары.
Өнбейтін іске шеп-шебер.
Майданға түспей не өнер?
Күлімдеп келер көздері,
Қалжыңбас келер өздері» деген сөз қатарларын бүгінгі жас буынның кескін-келбеті жоққа шығарып тұрса ақынның жағасына жармасып дауласуға болар.
Әрбір сөзі даналыққа толы ақын шығар-маларымен жете танысып, көрікті ойларын көңілге қонақтату мақсатында жер-жерде ұйымдастырылып жатқан шаралардың барлығы тек ақынның мерейтойы аясында ғана өрбуі мақсат емес. Ол тұрақты тәрбие тізгінінің бір тетігіне айналуы тиіс.
Абай өз бағасын өз заманында алып қойған тұлға. Жазба әдебиетінің негізін қалаған тұлғаның соңында қаншама аудармалары қалды. Әрбір жазылған өлеңі қазақ әдебиетінде поэзия жанрын жаңа мазмұн, жаңа түрмен байытқандығына, «Масғұт», «Ескендір», «Әзім» шығармаларымен поэманың үлгісін қалыптастырып бергендігіне көзі қарақты оқырман куә. 1918 жылы Семей қаласында «Абай» журналы жарық көріп, онда ақынның өлеңдері мен қарасөздері жарық көрді. Абай туралы алғаш зерттеген, сол жолда Шұбартау мен Шыңғыстаудың арасын сан мәрте жол қылып, ел-елді аралап, ауыл ақсақалдарымен тілдескен Мұхтар Әуезов Абай мен Шәкәрімнің көзін көрген тұстастарының естеліктерін қаағазға түсіріп, соның негізінде «Абай жолы» романын жазды. Осы романды жазу үстінде Мұхтар кезіккен мына бір оқиға туралы Мырзатай Жолдасбековтың «Егемен Қазақстанда» жазған мақаласынан мынадай жолдарды оқып едім. «Бірде жазушылар Сәбит Мұқанов пен Мұхтар Әуезов ақын Жамбылмен сәлмдеспек болып үйіне барады. Әңгіме үстінде Сәбең Жамбылға: «Абай қандай ақын?» деп сауал тастайды. Сонда Жамбыл «Абай ақын ба?» дейді. Сол сәт Мұхтардың жүзі сұрланып, төменшіктеп қалады. «Абай ақын емес - дейді сөзін жалғаған Жамбыл. Абай – Пайғамбар!» Бұл теңеуден артық Абайға баға берем деу әбестік. Пайғамбар сөзінде құрмет те, құзірет те, шындық та, әділет те, мейірім де, мезірет те, бәрі тұнып тұр ғой. Дуалы ауыздан бұдан артық қандай сөз шығуы мүмкін.
Биыл Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай аудандық мәдениет бөлімі және оған қарасты мекемелерде түрлі шаралар өткізілді. Солардың қатарында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен жүріп жатқан «Адамзаттың асылы – Абай» эстафетасы талай ынталы жасты Абайдың шығармаларын жаттап, көппен бөлісуіне жол ашты. Бірлік ауылдық кітапханасында «Абайды оқы, тәлім ал» тақырыбында ақынның шығармаларын оқу марафонында топ жарып танылғандар көп. Аталмыш кітапханада «Абай – даналық мектебі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мұндай шаралар елді мекен клубтарының барлығында ұйымдастырылды.Бұл шара атаулы жыл аясында атқарылып қана қоймай үнемі жалғасын тауып, ақын мұралары жан-жақты ұйымдастырылып отырса одан біздің ұтарымыз көп.
Баян ҮСЕЙІНОВА