ПЕЙІЛ ҺӘМ ПАЙЫМ
Пішен — пиарға айналмаса игі. Таза пейіл тұнық болсын. Желі біткен жылдың ең үздік хит тауары атанған шөпке толып кетіпті. Айтайын дегенім қайтайын дегенім) демекші, жұмыстан қайтайын деп тұрып, пейілге қатысты пост салайын деп шештім. Сол смартфон сипалап отқан. Тақырып ауаны: қуаңшылық сәтте қолғабыс ету.
⠀
Ой мынадан туындады. Пейсбуктегі посттарды парақтап отқанмын. Кенет, көзім түйе палуандарға түсті. Жақында ғана жалауы желбіреген Қазақстан барысы турнирінде балуандар қомақты қаржыға ие болғанын білеміз. Сол енді жеңімпазы бар, жүлдегері бар. Туған өлкесіне оралып, пәтердің һәм көліктің кілтін табыстап жатқанын желіден оқып жатырмыз. Әрине еңбектің еленгені жақсы ғой. Сондай сәтте батыр балуандарымыздың бірі: "Аллаға шүкір, атақты алдық. Мына теңгенің сертификатын Сырдағы қуаңшылықтан қиналып жатқан малшы қауымға аттым" десе, Түскейдегі Құрмет секілді Халық батыры болып шыға келеді.
⠀
Осындайда Қажымұқан бабамның қиын-қыстау кездегі қамқорлығы еске оралады. Жомарттықтың эталоны ғой. 100 000 рубль жинап, ұшақ жасатқаны тарих бедерінде алтын әріппен жазулы. Әйтпесе, қартайған шағында ел алдында өнер көрсету Қажымұқанға оңайға соқпағаны айқын.
⠀
Тарихқа жүгінсек, 1940 жылы Қажымұқан халық алдында соңғы рет өнер көрсетуге шығады. Бірақ Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін цирк әртістерінің ақшаны майданға көмек ретінде жіберіп жатқанын көріп, жасының келіп қалғанына қарамастан, өз үлесімді қосамын деп, цирк-шапито ұйымдастырады ғой. Сөйтіп, балға, шынжыр және кір тастар сияқты қарапайым снарядтарды пайдаланып, қазақ ауылдарын аралайды. Төрт жылдың ішінде Қажымұқан 100 мың рубль жинап, қорғаныс қорына аударады. Бұл ақшаға ұшақ жасатады да, бүйіріне Амангелді Имановтың атын жаздыртады. Мұңайтпасұлы ол ұшақты жас ұшқыш Қажытай Шалабаевқа салтанатты түрде табыс етті.
⠀
Деймін да, әлемдік арендада жүргені бар, елде жүргені бар поляның басынан табылмаса да май-пұлын, шай-пұлын, шөп оратын орағын, шалғысын сатып алып беріп жіберсе жастарға қолдау болар ма еді деген ақ адал ниет. Түптеп келгенде, дастархан басында: "Кең пейіл, кетпес дәулет бер" деген дана қазақтың ұрпағымыз. Жаратқан қуаңшылықтан жеңіл шығуды нәсіп етсін!