Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстан барысы 2018: Сегіз жылдан кейінгі сүйінші

Қазақстан барысы 2018: Сегіз жылдан кейінгі сүйінші


2018 жылғы «Қазақстан Барысы» атанған Ержан Шынкеев турнирден кейін Baq.kz тілшісі қойған сауалдарға жауап беріп, жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті.

«Қазақстан Барысына» әдейілеп тұрып дзюдоның құрамасынан кетіп, бір жыл дайындалдым. Қазақстанның бүкіл спортшысының әрбіріне тоқталып дайындалып, бүгін жеңімпаз болып қуанып тұрмын. Осы күнді сегіз жыл армандап келдім. Жыл сайын бағым жанбай, жолым болмай қалып жүрді. Осы күнге жеткізген Алла тағалама рахмет. Өзім сенер-сенбесімді білмей, үлкен қуанышта тұрмын. Сыртта Қарағандының жанкүйерлері, ата-анам күтіп тұр, мен оларды әлі көрген жоқпын. «Қазақстан Барысы» атанудың қалай боларын енді көреміз», - деді балуан.
Ол турнирге қатысатын балуандарды бөліп-жармай бәріне бірдей дайындалғанын атап өтті.
«Мына балуан әлсіздеу деп қараған жоқпын. 37 балуанға да нақты-нақты тапсырма қойып дайындалып келдім. Оның ішінде Айбек Нұғымаров, Ұлан Рысқұл бар, соларға бапкеріммен бірге әдейілеп тұрып жеке дайындалған кездерім болды», - деді Шынкеев.
Балуан алдағы жоспарларымен бөлісіп, «Қазақстан Барысы» атанып жеңіп алған қомақты сыйақыны қалай жарататынын айтты.
«Әлем Барысына» қатысамыз. Ал қаржыға келер болсақ, оны бір Алла біледі. Өзім көмектесетін жерлерім бар, оны ашып айтпай-ақ қояйын және керек-жарағымызға да жұмсаймын», - деді ол.
Еске сала кетсек, 1 шілдеде «Барыс-Арена» мұз сарайында қазақ күресінен 2018 жылғы «Қазақстан Барысы» турнирі өткен болатын.
02 шілде 2018 ж. 896 0