№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЛЫП ТЕХНИКАНЫ ТІЗГІНДЕГЕН ДАРХАН

АЛЫП ТЕХНИКАНЫ ТІЗГІНДЕГЕН ДАРХАН

 Жаңақорғанда мен танитын Досантаевтар отбасының барлығы ауыр техникаға жақын. Ағайынды, Дастан, Дархан, Данияр  жастайынан механиканың майымен кіріп, техниканың тілін тапқан жандар. Қарашаңырақтың ауласы автобаза. КамАз, Погрузчик, Эвакуатор. Тағысын тағы. Теңгесін төледе игілігіңе пайдалан. Жоқ, бұл бауырларда пұлға деген пейіл бұзылмаған. Бергенін алып, бермегенін дауламайды. Айтайын дегенім, үйдің ортаншысы Дарханы жайлы. Пейілі кең, жүрегі дархан деген осы Дарханға айтылғандай.
 Екі-үш күн болды ауа райы аяқ-асты құбылып, қар қалыңдығы  тобықтан асып, көлікпен қоса, жаяу жүргіншілерге қиындық туғызды. Желіге тіркелген жұртшылық ә-дегеннен "Әкимәт, қайда қарап отыр?" деп, сыни пікірді садағымен әкімдіктің қорасына қарай атқылады. Арасында тисе терекке, тимесе бұтаққа дегендей, орта жолдан ілесіп, тас лақтыра салғандары да бар. Шыны керек, екі күн демалыста көшені қайдам, ауланы зорға қардан тазарттық.  Негізі жұмыс жоқ емес. Бар. Арнайы техникалардың тапшылығына байланысты үлгере алмай жатыр. Әйтпесе, бұрқасын басталған күні шұғыл түрде  аудан әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлар комиссиясы өз жұмысын аудан көлемінде  бастап кеткен болатын.

Әрине, кенттегі 35 мың тұрғынның көңілінен бірдей шығу мүмкін емес, десе де  33 жасар кент әкімінің міндетін уақытша атқарушы Serik Seidualiev тің өтінішімен  Дархан Досантаев   ауыр техникасын оталдырып, "МАИ бекетінен" бастап кешелі бері тыным таппай көшелерде қар тазалау жұмысына үлес қосып жүр. Бүгінде таң намазынан кейін шыққан Дархан  оқушылар мен тұрғындарға жол ашу үшін "Алтынсарин"," Саяжай" аумағындағы жолдарды қардан тазалауда. Бәзбіреулер секілді сағатына пәлен демей, май-пұлына разы болып, сауабына қар тазалап жүр. Ерікті деген осы емес пе?  Жалпы еріктілік қызмет – өз еркіңмен баратын жүректің жұмысы. Ал жүректің жұмысы жанданса, қоғам өркениетке қадам басады. Әрбір адам өз саласында ең кемі айына бір мәрте ерікті түрде ақысыз қызмет көрсетсе, немесе өзге де қоғамға пайдасы тиетін іспен айналысса қандай тамаша-ә?!

Айтпақшы, Дархан  "Жаңарған Жаңақорған жастары"  еріктілер тобының белсенді мүшесі.
15 наурыз 2021 ж. 571 0