№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » 1994: Наурыз мерекесі салтанат құрды

1994: Наурыз мерекесі салтанат құрды


Кеңес Үкіметінің бодандық қамыты салдарынан тарихи сахнадан жойылып кете жаздап, ұлттық құндылықтардан алшақтап қалғанымыз рас. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары елдің еңсесін көтеріп, ұлттың болмыс-бітімін қайта жаңғырту маңызды еді. 1994 жылы осындай елеулі оқиға орын алды. Сол жылғы Наурыз мерекесін көрген көнекөз қарияларымыз ерекше көңіл-күймен еске алады.


Қазақтың бүкіл салт-дәстүрін насихаттау мақсатында аудан өнерпаздары «Наурыз-думан 1994» концерттік бағдарламасын жоғары деңгейде өткізді. Онда бесікке салу, тұсау кесер, сырға салу, беташар, құда түсу секілді дәстүріміз дәріптелді. Ұлттық ойындарымыз – қыз қуу, бұқа тарту, теңге ілу, жамбы ату, арқан тартудан жеңімпаздар анықталды. Ақындар айтысы да жаңа таланттардың бағын ашты. Осындай таң атысынан кеш батысына дейін созылған мерекелік кешке аудандық бюджеттен 20000 теңге бөлінді.
Әрі осы думанды кешке қызмет еткен азаматтарға еңбек ақы берілді. Бұл туралы аудандық архивтегі құнды құжатта: қазақ үйін тігушілергер 3000 теңге, құсбегі көрінісіне 1000 теңге, қыз қууға 1000 теңге, келіншек түсіру, беташуға 1000 теңге, киіз үй жасауына 2000 теңге, спорттық ойындарға 5000 теңге, айтыскерлерге 5000 теңге үлестірілді.
Ел аузында қалған Наурыз мерекесі туралы өнер майталманы Уәлихан Ибрагимов:
– Халық ақыны Манап Көкеновтің идеясымен салт-дәстүрімізді паш ететін Наурыз тойын атап өттік. Ол кезде жас маман едім. Шұғыл түрде мені шақырып алып, беташар рәсімін менің жасайтынымды ескертіп, он бетке жуық өлең шумақтарын жаттап келуімді тапсырды. Тоқсан шумақтан асатын өлеңді 2-3 күнде жаттап алып, қалың елдің алдына шығып, көсіліп келіп жібердім. Ұстазым Манап Көкеновтің демеуімен қолқалап тұрған елден қаймықпай өнер көрсетіп, халықтың ыстық қошеметіне бөлендім, – деді.
Бұл – Уәлихан ағаның ең алғаш беташар рәсімін орындауы еді. Алғашқы дебюдтық өнері халық тарапынан үлкен ықыласқа бөленіп, Сыр еліне есімі танылып, алыс-жақын аймақтардан беташарға шақырту ала бастайды.
Думанды кеш аудан халқы үшін рухани жаңғырудың алғашқы қадамы болды. Осыдан соң, жергілікті елді-мекендер де наурыз мейрамын тойлауды үрдіске айналдырды.
Айтқандай, Қаратау беткейіндегі халық 1994 жылдың қаңтарын «Ақбөкен ауған» оқиғамен еске алады. Сол жылы қар қалың түсіп, егін бітік болып, бүгінгі күнге дейін есебі жаңармаған ең үлкен асқабақ пен қарбыз өсіруші аудандық рекордсмендер шықты. Толағай табыспен ел есінде қалған жылы қайталанбас тарихи сәттер де орын алды. Мың жылдық мұрағат қорындағы сарғайған сары қағаздардан тарихты қайта жаңғыртып, халық назарына қайта ұсынбақпыз.

Мақпал МАРҚАБАЙ
14 шілде 2021 ж. 546 0