№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Зекет туралы маңызды 12 сұраққа жауап

Зекет туралы маңызды 12 сұраққа жауап

– Зекет беру кімдерге парыз?
Зекет беру шариғатта ақыл есі дұрыс, балиғат жасына жеткен, өзінің мал-мүлкі нисаб мөлшеріне толған, зекет беретін мал-мүлікке ие болған мұсылман адамға зекет беру – парыз.
– Үкіметке салық төлейтін адам зекеттен босатыла ма?
Үкіметке салық төлейтін адам зекет беруден босатылмайды. Мемлекеттік бюджетке жеке және заңды тұлғалардың төленетін төлемі, ол – салық. Зекетке келетін болсақ, ауқатты мұсылмандарға Алла Тағала тарапынан парыз қылынған амал болғандықтан босатылмайды деп айтуға болады.
AIKYN.KZ
– Зекет қалай есептеледі?
Зекет шариғатымызда 85 грамм алтыннан есептеледі, яғни, 85 грамм алтынға ие болған адам зекет береді, 595 грамм күмістен есептеледі немесе қазір ол ақшаға санайтын болсақ, миллионнан астам ақшаны құрайтын болса, ол жыл санағымен бір жылды толтыруы керек. Мысалы, ол жылдың басында нисаб мөлшері 85 грамм алтынды құрайтын ақшасы болып, жылдың ортасына келген кезде, ақша азайып, көбеюі мүмкін, жұмысының. Енді бұл жерде жылдың соңына дейін мөлшері, ақша сақталуы керек. Жылдың басы мен жылдың соңына қарайды.
– Зекетті тек Рамазан айында беру керек пе?
Зекетті тек Рамазан айында емес, жалпы зекет мал-мүлкі нисаб мөлшеріне жеткен уақыттан бастап, есептеледі, сол жылдың ішінде беріледі, Рамазан айынан тыс айларда да беріледі.
– «Зекет қорына» түскен ақша қалай жұмсалады?
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қоры бізде «Қолдан-қолға» жобамыз бар, сол акция аясында бізге зекеттерін табыстаған жандардың зекеттерін мұқтаж жандарды осы жерге шақыра отырып, солардың қолдарына ортадағы көпір ретінде мұқтаж жандарға таратамыз. Қандай да зекет келетін болса, ол міндетті түрде таратылады.
– Зекетті кімдерге береді? Тек міскенге беру керек пе?
Шариғатымызда Аллаһ Тағала Құран Кәрімде «Тәубә» сүресінің 60-аятында зекетті арнайы топтарға беруді бұйырған. Бірінші кедей-кепшіктер, міскіндер, зекет жинайтын адамдар, көмектесушілер, қарызға батқандар, жолда қалған міскін жолаушыларға және дін жолында жүрген, дінге қызмет істеп жүрген қызметкерлерге беріледі.
– Онлайн зекет беру шариғатқа қарсы емес пе?
Онлайн зекет беру шариғатқа қайшы емес. Бұл, керісінше, ашықтықты білдіреді. Қазір пандемияға байланысты бір жарым жылдан бері садақа болсын, зекет болсын, онлайн түрде аударылып жатыр. Дәл сол сияқты, біздің «Зекет және қайырымдылық» қоры Kaspi қосымшасынан ашылған біздің қосымша арқылы зекеттерін де, садақаларын да аударады. Сол түсім арқылы біздер қайырымдылық жасаймыз.
– Жыл сайын халық қанша зекет төлейді?
Жыл сайын қанша зекет төлейтінін айта алмаймыз. Өйткені зекетті алып келуіне байланысты таратамыз, сол сәтте, сол мезетте таратамыз. Тек қана былтыр «Қолдан-қолға» жобасы аясында біз 2 мыңға жуық отбасына қаржылай көмек, қолдау көрсеттік.
– Зекетті қазір тек ақшалай беру қажет пе?
Зекетті шариғатымыз бойынша ақшалай да береді және өзінің айналысып жатқан кәсібінен тауар түрімен берсе де болады.
– Мұсылман зекет бермесе ше?
Ауқатты мұсылмандарға зекет беру – парыз. Кімде-кім зекетті шариғи үкім емес дейтін болса, ол адам діннен шығады, егер зекет беретін жағдайы бола тұра, зекетін бермейтін болса, ол адам күнәһар, пасық болып есептеледі, шариғатта.
– Зекет беру кезінде алаяқтарға алданбау жолдары қандай?
Зекет беру кезінде алаяқтарға алданбау үшін ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры орналасқан. Осы жерге келіп, зекеттерін табыстайтын болса, біз оның «Қолма-қол» жобасы бойынша, мұқтаж жандарды шақырып, сол кісінің қолымен, тікелей мұқтаж жандарға тарататын боламыз.
– Пітір садақа мен зекеттің айырмашылығы неде?
Пітір садақа – тек Рамазан айында, Ораза айтқа дейін берілетін уәжіп болған амал. Ол тек Рамазан айында беріледі. Зекет нисаб мөлшері толғаннан кейін әрбір айда берілуі керек болған парыз амалға жатады.
09 мамыр 2021 ж. 768 0