№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ақын жайлы толғаныс

Ақын жайлы толғаныс

Мен біраз жылдардан бері Есенғали Раушановтың құстар табиғатын сөз еткен этнографиялық әңгімелерін оқып келе жатқандықтан бұл кісіні зоология ғылымының маманы, тіпті сол сала бойынша үлкен ғалым деп келген екенмін. Бірде орталық газеттердің бірінде шыққан Жазушылар сьезінде ақын Есенғали Раушановтың сөз сөйлегені туралы жазылғанын оқып бұл кісініңақын екендігін білдім.
Есенғалидың құстар жайында жазған жазбаларында  осы бір тіршілік иелерінің  өмір-тарихын, жасын, түр-түсін, жер шарының түкпір-түкпіріндегі тұқым-туыстарының таралу аймағына дейін білгірлікпен жазатыны қызықтыратын. Мен ол кісінің жазған жеке тақырып болып шыққан «Қарлығаш», Бозторғай» атты туындыларын оқығанда құстардың тыныс-тіршілігіне ойым қанығып, адамзаттың жанашырлығынан мақұрым жағдайларына жаным ауырып, оның орнына өзімді бір қойып, тіпті көңілім босағанын да жасырмаймын.  Құстар да адам сынды айнала тіршіліктің жақсылық-жамандығын танып-білетіндігін, олардың да қуаныш-сүйініші, қасірет-күйініші болатынын керемет сезімталдықпен көріп-тани білудің өзі қандай сұңғылалық! Сондықтан Есенғалидың келесі жазбаларын тағатсыздана тосып жүретін әдет . Тағы қандай құстар туралы жазар екен деп күтіп жүр едім.
Осыдан бірнеше күн бұрын орталық телевизия хабарынан ақынның қайтыс болғандығы жөнінде естіп-біліп, шынымды айтсам бір жақынымнан айрылғандай күй кешіп, күні бойы өз-өзіме келе алмай жүрдім.  Бірер күннен соң жергілікті газетімізде жарияланған белгілі журналист қарындасымыз Баян Үсейінованың «Қайыр – қош, қара бауыр қасқалдағым» атты мақаласын оқи отырып, ақын туралы деректерге қанығып, оның біздің ауылдың азаматы, Келінтөбе ауылы мектебінде оқығанын, әскер қатарына барып келіп, аудандық газетте қызмет атқарғаны, жұмыс істей жүріп жоғары білім алғаны  туралы білгенімде өкінішім одан сайын ұлғайды. Қалайша тірлігінде бір жүзбе-жүз көріп, дидарласудың сәті келмеді екен. Қарапайым оқырмандарына осыншама рухани ләззат сыйлай білген талант иесі туралы өз жерлестерінің беймағлұм жүруі кешірілмес қателік қой. Талантты бағалауға келгенде әлі де бейқамбыз-ау деген ой сананы тілгіледі.
Өкінгенмен не пайда? Енді бізге ақынның өзімен жүздесу мүмкін еместігін ойлап жүрегім езілді. Келінтөбе ауылында Есенғалидың жақын-жуықтары тұрып жатқан болар, сол кісілердің барлығына ардақты азаматтың қазасына байланысты көңіл айтамын. Мұсылмандардың қасиетті айы – Рамазан айында көз жұмған қадірлі жанның Алланың сүйікті құлы болып, жарылқауын нәсіп еткей деп отырып, топырағы торқа болсын, иманы жолдас болсын деп тілеймін.
Менің өтінішім, келешекте ақынды мәңгі есте қалдыру мақсатында зиялы қауым, ел басшылары ойласып, өзі оқыған мектебінде белгі қою, мектеп немесе арнаулы сыныптың атын беруді ойластырса, ауылдан көше беруге талап болса құптарлық іс болар еді деп ой қосқым келеді.
Әлімхан Баубеков,
медицина саласының ардагері,
Бірлік ауылы

08 мамыр 2021 ж. 831 0