Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Шыншылдықты ту етейік

Шыншылдықты ту етейік


Шыншылдық әрбір адамның бойынан табылуы тиіс болған мақталған сипат. Шыншылдық араб тіліндегі «сидқ» сөзінен шығады. Шыншылдық- растық, шынайылық деген мағыналарды береді. Бұл сипатты ту еткен ислам әлемінде қаншама сахабалардың, қазақ даласында да қанщама ата бабаларымыздың тарихта аты қалған. Даналарымыз бен ақындарымыздан шыншылдық жайлы қаншама өлеңдер, жыр дастандар, мақал мәтелдер  қалған.
Құранда Алла Тағала: «Уа, иман келтіргендер! Аллаға тиісінше тағзым етіңдер әрі Оған қарсы келуден барынша сақтаныңдар, сондай-ақ (ісі де, сөзі де түзу, Аллаға берген уәделеріне берік) шыншыл жандармен бірге болыңдар!»-деген.  
Ал біздің шынщылдармен болуымыз бұл дүниемізге әрі о дүниемізге де пайдасын бермек!
«Расында шыншылдық ізгілікке, ал ізгілікжұмаққа жетелейді. Кісі әрдайым шыншыл болып, оны өмірлік ұстанымы қылса, Алланың құзырында шыншыл деп жазылады. Шын мәнінде, суайттық азғындыққа, ал азғындық тозаққа жетелейді. Кісі үнемі жалған сөйлеп, өтірік айтуға әуестенсе, соңында, Алланың құзырында кәззап (өтірікші) деп жазылады»-деген.
Шыншылдық иесін ізгілікке жақсылыққа жетелемек, соңы Алланың жанындағы мәңгілік мекен болған жәннатқа апармақ. Ал жалған сөйлеу болса кісіні бақытсыздыққа соңы тозаққа апарады.
Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Күмәнді нәрседен бойыңды аулақ салып, күмәнсіз болғанды таңда. Расында шындық – жан тыныштығына бөлейді. Ал өтірік – көңілге күмән ұялатады»-деген.
 Ия шындық ащшы болғанымен адамға жан тыныштығын сыйламақ, ал өтірік жеңіл әрі оңай болғанымен көңілге күман, өзгеге арсыздық ұялатады.
   Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен былай деп сұраған екен:
- Дауасыз не? Арзан не, қымбат не? - деп.
Бегеш:
- Дауасыз - кәрілік; арзан - өтірік; қымбат - шындық,- деп жауап береді.
Шыншыл болу адамның ісі мен сөзінің бір жерден шығуы екенін білеміз.
Мына бір мысалды келтіре кетсек, егер адам теңізге шығып қайығының ескегін бір жағын ғана есетін болса онда ол бір орында тұрып алға қарай жылжымай айналып қалады. Тура сол сияқты адам да айтқан сөзі мен ісі үйлеспей жататын болса онда пенденің ісі алға баспай бір орында қалмақ немесе ертеме кешпе өтірігі шығып қалады. Сол үшін әр кез пенде өзінің сөзі мен ісін бір жерден шығуын қадағалап бақылау қажет.
Алла Тағала баршамызды үнемі сөзі мен ісі бір жерден шығатын, өзінің шыншыл пенделерінің қатарынан қылсын. Әмин!

«Тәубе» сүресі, 119-аят.
Бухари Мүслим
Тирмизи

Мағжан ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,
Қызылорда облыстық орталық«Ақмешіт-Сырдария»  мешітінің наиб имамы
25 сәуір 2021 ж. 785 0