» » » ҚОС АУЫЛҒА МІНБЕР ЖАСАП БЕРГЕН ШЕБЕР ИМАМ

ҚОС АУЫЛҒА МІНБЕР ЖАСАП БЕРГЕН ШЕБЕР ИМАМ


Жұма намазын Кейден ауылындағы "Кейден баба"  мешітінде оқыдық. Алдыңғы жұмада келгенде имамның мінбері жоқ еді. Ал бүгін ауыл имамы Ержан  жап-жаңа мінберде тұрып, жұма құтпасын оқыды.


Айтайын дегенім, суреттегі қос мінбер Жаңауылдағы мешіт имамы һәм ағаш шебері Данияр Ахметовтың қолынан шыққан. Бірі Кейденге, екіншісі Құттықожа ауылына бұйырды.  Бізде көбіне мінберді Түркістан, Алматы жаққа тапсырыс беріп істетіп жатады ғой. Негізі мұны өзіміздің ауылда имамдықпен қоса, ұсталықты қоса алып жүрген Данияр ағамызда жасайды.

Дәкеңнің шағын шеберханасынан талай шаңырақтың төрінде тұрған шәй үстелдер, сандықтар, қол жуғыштар, орындықтар өзгеде ағаш бұйымдарды атауға болады.
26 ақпан 2021 ж. 1 809 0