№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Алаш арысына арналды

Алаш арысына арналды

   Алаш арысы Міржақып Дулатовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Арман» кенттік мәдениет үйінде өткен шараға аудан орталығындағы №169 орта мектеп оқушыларынан тұратын кітапхана оқырмандары дем берді. Білім ордасының басшысы А.Ахметов жиналғандарға кітап оқудың маңыздылығын айтып, қашанда оқу ордасының тың идеяға толы шараларына қолдау білдіретінін айтты.
  Кезек театрлық қойылымға берілді. Алдымен образдар мен оқиғаны сом­даудан Тотаевтар отбасылы сайыс­тың шымылдығын ашты.
Жамалдың әкесі Сәрсембай мен әйелі Шолпанның ролін сомдаған Мәдениет Тотаев пен жары Сәбира Нұғманова өткен ғасырдың қиянатын көз алдымызға алып келді. Үріп ауызға салғандай көрікті, өзі алғыр, ақындығы бар Жамалды мансапқа бас ұрған әкесі Байжанның баласына бергісі келеді. Ондағы ойы би болсам деген ниеттен туған. Оған қарсылық білдірген қоса­ғының зар илеген жан дауысы көрерменнің аза бойын қаза етті.
 Келесі отбасы Тұрабаевтар отбасы шаңырақ шаттығын бейнелейтін кө­рі­ніске куә қылды. Айбыны асқақ, шекарасы берік, туы көкте қалықтаған Қазақстанның бейбіт те бағдарлы бола­шағын бейнелеген көріністері де көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жатты. Ал Айдаровтар отбасы Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйін орындап, жиналғандарды қос ішектен шыққан әсерлі күйге бөледі.
№169 Н.Ильялетдинов атындағы мектептің кітапханашылары Нәбира Әбдікаримова, Мадина Бектұровалар ұйымдастырған «Отбасылық оқу– ұр­пақ­тардың рухани байланысы» атты сайыстың жоғары деңгейде өтуіне «Арман» кенттік мәдениет үйінің қыз­меткерлері атсалысты. Жиынды әнмен әрлеген Рашид Ертаев, Ақмарал Зайдашевалар «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» дегендей тәтті үн мен кейі мұңды қозғап әдемі әсерге бө­леді.
  Жиынға қатысушы Тотаевтар отбасына «Мәдениет майталмандары» деген номинация берілсе, Тұрабаевтар от­басына «Үздік оқырман» номи­на­­циясы, Айдаровтар отбасына «Жыл оқырманы» номинациясы та­быс­­талды. Сондай-ақ, сайысқа қа­тыс­­қан зерек балалар Сәбина Қалдарбек, Шұғыла Әуезхан, Айзере Нұртас­қызына «Алғыс хаттар» та­бысталып, ұйымдастырушылар та­ра­­пынан құрметке ие болса, аудан­дық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимовтың «Алғыс хатын» бөлім әдіскері Ақниет Ераханқызы №169 мектеп кітапханашысы Нәбира Әбді­каримоваға табыстады.
  Иә, алты алаш үшін темір шеңгелді, жалмауыз жүйеге қарсы шығып, қазақты қайтсем білімді етіп, еңсесін көтеремін деген асыл мұраттың жетегінде қыршыннан қиылып кете барған қоғам қайраткерінің бір шығар­масы аясында өрбіген шараның мазмұндық деңгейі өте жоғары бол­ды. Кітапхана оқырмандары игі шаралардың көптеп жиі болуына тілектестік білдірді.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
26 желтоқсан 2020 ж. 698 0