№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қазақы туыстық атауларын білесіз бе?

Қазақы туыстық атауларын білесіз бе?

Бала – балиғат жасына жетпеген перзент.
Ұл – кәмілетке толмаған ер бала.
Қыз – кәмлетке жетпеген әйел бала.
Қазақ халқының бір ерекше тұсы, қыз баласын мейлі келін болып түссін, сол үйдің бүкіл ошақ қасы болып келінді силап, оны төрге отырғызған. Жеңгелері оның кез келген ерке қылығын көтеріп, кешірімділікпен қарайтын болған. Халықтың қыздың сыбағасы– төс, орны– төр дейтіні содан.

Әке – перзентті болған ер адам
Үлкен әке – әкенің ағасы болып табылады.
Кіші әке – әкенің інісі.
Ана – сәби сүйген әйел заты. (шеше)
Үлкен шеше – үлкен әкенің әйелі.
Өгей шеше – туған анасы қайтыс болған жағдайда, ажырасу кезінде, әкесімен қайта жаңадан отау құрған әйел.
Өгей әке – әкесі қайтыс болып немесе ажырасып кеткен соң, шешесі тиген ер адам.
Ата – әкесінің әкесі.
Әже – әкесінің шешесі.
Нағашы ата – шешенің әкесі. (ата)
Нағашы әже – шешесінің шешесі. (апа)
Кіндік шеше – туған кезде кіндігін кескен әйел. Қазақта кіндік шешенің жолы үлкен. Баланың туғанынан адам болып кеткенше, кіндік шеше жағдайын қамтамасыз етіп отырған.
Кіндік әке – перзенттік кіндігін кескен ер адам.
Аға – жасы өзінен үлкен ер адам.
Әпке – жасы өзінен үлкен әйел адам (қыз).
Ағайын – туыс – бір рудың адамдары.
Іні – жасы кіші ер адам.
Қарындас – ер адамдардан жасы кіші әйел (қыз).

Сіңлі – жасы әйел адамдардан кіші қыз.
Бауыр – бірге туған тумасы.
Жамағайын – аталас ағайын жұрты.
Жеңге – ағаның жұбайы.
Келін – баласының және інісінің жұбайы.
Жиен – ұзатылған қыздан туған бала.
Жиеншар – жиеннен туған перзент.
Дегеншар – жиеншардан туған бала.
Көгеншар – дегеншардан туған бала.
Жиен іні – ұзатылған қыздан туған (әпке-қарындастан) жасы кіші ер адам.
Жиен қарындас – ұзатылған қыздан туған (әпке-қарындастан) жасы кіші әйел адам.
Жиен сіңлі – ұзатылған қыздан туған (әпке-сіңілден) жасы кіші әйел адам.
Жезде – әпкенің күйеуі.
Күйеу – әйел адамның некелескен ері.
Күйеу бала – ұзатылған қыздың не қарындасы, сіңілілерінің күйеуі (ері).
Қайын ата – әйелінің әкесін
Қайын ене – әйел жақтың анасы.
Қайын аға – сол үйдің (қыз жақтың) жасы үлкен ері.
Қайынбике – әйел жақтың әпкесі.
Қалыңдық – атастырылып қойған қыз.
Балдыз – әйелдің сіңілісі. (негізінен алып қарағанда көп жерлерде балдыз деп ер адамға да айтып жатады)
Балдыз келін – қайын інісінің әйелі.
Бажа – әйелдің әпкесіне не сіңілісіне жар болған адам, күйеу.
Нағашы аға – шешесінің аға-інілері.
Нағашы әпке – анасының әпке-сіңілдері.
Нағашы іні – шеше жақтың аға –інілерінен туған жасы кіші ер адам.
Нағашы қарындас – анасының туыстарынан туылған жасы кіші әйел адам (қыз бала)
Нағашы сіңлі – негізінен әйелдерге қаратылады. Шешесінің аға-інілерінен туған өзінен жасы кіші әйел адам.
Нағашы жеңге – нағашы ағаларының әйелі.
Нағашы жезде – нағашы әпкелерінің күйеуі
Нағашы келін – нағашы інілерінің әйелі.
Нағашы күйеу – нағашы қарындасы пен нағашы сіңіллерінің күйеуі. Бұл «нағашы келін, нағашы күйеу» деген жалпы тұрмыста қолданыста жоқ. Тек түбін қопарып зерделеп, кім екен деп келген кезде туындайтын дерек.
Бөле – туысқан, ағайын адамдардың арасында қыздарынан туған бала.
Қарын бөле – бір туған әпкелі –сіңілдердің баласы.
Бөле аға – ер бөлелілердің жасы үлкені.
Бөле қарындас – әйел бөлелілердің жасы кішісі (қыз бала)
Абысын – қайын ағаның әйелі
Ажын – қайын інінің жары.
Төркін – тұрмысқа шыққан қыздардың әке-шешесі мен оның туып өскен ортасы.
Бел бала – әке-шешесінің өзінен туған төл перзенті. (алғашқы дүниеге келген сәби).
Немере – ұлынан туған нәресте. (екінші дүние есігін ашқан бала)
Шөбере – немереден туған бала (үшінші ұрпақ)
Шөпшек – шөбереден туған бала (төртінші ұрпақ)
Немене – шөпшектен туған бала (бесінші ұрпақ)
Туажат – неменеден туан бала (алтыншы ұрпақ)
Жүрежат – туажаттан туған бала (жетінші ұрпақ)
Жегжат – жүрежаттан туған бала (сегізінші ұрпақ)
Сонымен қатар - өкіл әке-шеше, өкіл ұл мен қыз дегенде бар.

Осындай қазақтың туыстық атаулары күнделікті тұрмыста кездесіп жатады. Тек қазақтың сөйлеу әдетіне ғана байланысты емес, басқа елдерде де мұндай атаулар кездеседі. Бірақ тек біздің халық ғана түрлеп, түстеп бөле ажыратып береді. Арысы мен берісі кең байтақ қазақ жерінің әр бұрышында бір ел бар. Бір жұрт бар. Сол жұрттың өзіндік диалектикасы бар. Біз атап айтып отырған туыстық атаулар әр жұрттың диалектикасына байланысты түбегейлі өзгеріске ұшырауы ықтимал. Шығыс- солтүстік жақта мысалға « тәте» дейтін атау, «әпке не апай» деген мағынаны берсе, оңтүстік оңірлерде ол « аға» деген атауды береді.

Қайрат Нұрлықасымұлы парақшасынан.
19 желтоқсан 2020 ж. 503 0