№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Темірбек тұғыры – баскетболдың бүгінгі биігінде

Темірбек тұғыры – баскетболдың бүгінгі биігінде


Жаңақорғандағы баскетбол және семсерлесу спортының даму тарихында есімі қалған жанның бірі – Темірбек Жарықбаев. Көзін көргендер ол кісіні Титай деп атайды. Өткен ғасырдың 80-жылдарының басы мен 90-жылдардың аяқ тұсына дейін аудан спортының өрлеуінде қызмет еткен Тәкеңнің еңбегіне ел жоғары баға берді. Әсіресе, ел егемен­дік алған жылдары тек аудан емес, аймақ баскетболын биік тұғырға көтерілуіне қызметі сіңді. Тіпті құқық қорғау саласы, оның ішінде қалалық прокуратурада да ізі қалған десе-ді.
Семсерлесу спортын ауданға алып келген Жақсылық Егізбаев болса, сол спорттың одан арғы биігінде Әмір Рысбеков пен Темірбек Жарықбаевтың қолтаңбасы бар. Оны аудандық тарихи-өлкетану музейінен көре аласыздар, екеуі де «спорт шебері», Қазақстан чемпионы. Бір өкініштісі, қазір бұл спорттың оты сөнді. Ал баскетболдың бәсі биік. Тәкең салған ізбен келе жатқан шәкірттері, бүгінде республикаға танымал білікті бапкер Қанат Айдаров пен Дильяра Мұсаеваның оқушылары облыста озық. Олардың жетістігі бір төбе.
Аудан спортында есімі қалған тұлғаларды түгендеп жатқан соң баскетболға да бет бұрған едік. Темірбек Дүйсенбайұлының өмірден өткеніне де 20 жыл уақыт болыпты, кім біледі көзі тірі болғанда қандай қызмет атқарарын. Жыл сайын облыстық турнир де беріліп, бапкер есімі ұлықталып келеді.

Әлібек Жарықбаев
19 желтоқсан 2020 ж. 573 0