№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Семсерлесу – жауынгерлік спорт

Семсерлесу – жауынгерлік спорт


Балуандық, мергендік, қылыштасу, саятшылық, асауды тізгіндеу қазақтың қанында бар спорт түрлері. Онсыз көшпенді халықтар қатаң өмір заңдылығында бәсекеге қабілетсіз болар еді. Қазақтың жамбасына оң келетін спорттың бірі – семсерлесу алғашқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына еніп, даму жолын тапты. Бірақ қазақ даласында батырлықтың бір белгісі болған семсерлесу спорты 1939 жылы қайта жаңғыруды бастады.

Бұл спорт түрін меңгерген жаңақорғандықтар шықты. Айтулы бәсекелерде топ жарып, спорт шебері атанған спортшылармен мақтана аламыз. Алайда семсерлесу спорты сол саңлақтармен бірге дәурені аяқталды. Енді бұл спорт түрін ауданда дамытуға болады ма?

1970 жылы ауданда мектебі құрылып, басшылық қызметке Жақсыбек Егізбаев келді. Ол өзімен бірге осы спортты ала келеді. Яғни ауданда тұңғыш рет семсерлесу үйірмесі ашылды. Алғашқы шәкіртінің бірі – Әмір Рысбеков болды. Ол семсерлесуден аудандағы алғашқы «спорт шебері» атанды. Оның жолын жалғаған жігіттер семсерлесу спортын меңгере бастады. Облыс, республикалық жарыстарда жүлде алғандардың қатарында Темірбек Жарықбаев, Мұхтар Нарымбетов, Жантас Спатаев, Дастан Жаппаров, Нұржан Нұрділлаев, Нұртас Мұхамемеджанов, Мұрат Өтегенов, Илья Огай және т.б атауға болды. Олар аудан абыройын асырып, семсерлесу спортының дамуына үлес қосты. Бүгінде Темірбек Дүйсенбайұлының жетістіктерін аудандық музейден көруге болады. Бұл бөлек әңгіме.
– ХХ ғасырдың 70-90-жылдары семсерлесуден аудан жастары жақсы нәтиже көрсетті. Облыстық біріншіліктерде жүгіру, веложарыс, семсерлесуден біздің аудан алдыңғы қатарда жүретін. Ең өкініштісі, бүгінде бұл спорт түрлерімен мақтана алмаймыз. Мықты бапкерлерді де айта алмаймыз, – деді спорт ардагері Маметәлі Жаденов.
Енді семсерлесу спортының тари­хына тоқталсақ. 1939 жылы семсерлесуден Қазақстан чемпионаты басталды. 1950 жылдан бастап жасөспірімдер арасындағы алғашқы ел біріншілігі өтті. Спорттың қыр-сырын меңгерген ел спортшылары алдымен Азия, одан кейін Әлем чемпионатында өнер көрсете бастады. Бұл спорттың ережесі де қатаңдау. Сайысу мерзімі алты минуттан аспайды. Сайысшының дайын тұруы, кеудеше, қарсы шабуыл және өзге де ережелері бар. Ең бастысы, қарсыласынан бұрын қылышын ерте сермеген ғана жеңіске жете алады. Бұл спорт түрі адамның ептігін шыңдап және жылдамдылығын арттырады. Тез шешім қабылдау қасиетін дамытады.
Семсерлесудің де жекелей және командалық сындары болады. Ал Олимпиада ойындарына қыздар арасындағы семсерлесу спорты 2000 жылы енгізілді. Жасыратыны жоқ, біздің ауданда бұл спорт түрі кенде қалды. Ел егемендігін алған тұстан бері семсерлесу спортының дәурені аяқталды. Кешегі жастар есейе келе бірі мектепке денешынықтыру пәнінің мұғалімі қызметіне ойысса, енді екіншісі басқа спорттан жаттықтырушы болды. Тіпті қазір семсерлесу спорт облыста кенжелеп қалды.
– Бала кезінде батыр болғысы келетін қазақ балалары ағаштан қылыш жасап, семсерлесіп ойнайды ғой! Жалпы, семсерлесу – жауынгерлік спорт түрі. Оның нақыштары қанымызда бар. Біз аға буынға қарап қызықтық, семсерлесудің қыр-сырын меңгеріп, жарыстарға қатыстық, жүлде алдық. Бірақ шәкірт тәрбиелемедік. Кім біледі, ауданда үйірме ашылып жатса, біз ақыл-кеңесімізді беруге дайынбыз, – деді Жантас ағай.
Жантас ағайдың айтқаны рас. Отты қару пайда болғанға дейін спорт емес, міндетті дисциплина саналған еді. Баланы алғашқы қадам жасағаннан-ақ, қолына семсер беріп, шайқасуға үйрететін. Ал қазір бұл көпшілік қызыға тамашалайтын керемет спорт түріне айналды. Олимпиада ойындарының бағдарламасы енген.
Бүгінде аудан спорты күрес түрлері, доп ойындарымен мақтана алады. Бірақ жеңіл атлетикаға көңіл бөлу керектей. Заманында облыста аты озған жүйріктер арамызда бар. Көп емес. Солардың тәлімін жастарға сіңіруде үлкен іс. Семсерлесугеде байланысты осыны айтар едік.

Әли ЖАРЫҚБАЕВ
12 сәуір 2020 ж. 1 964 0