№28 (8842) 19

19 сәуір 2025 ж.

№27 (8841) 15

15 сәуір 2025 ж.

№26 (8840) 12

12 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Темірбек турнирі: Түркістан командасы алтын тұғырда

Темірбек турнирі: Түркістан командасы алтын тұғырда

Жаңақорған кентінің дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай және Ұлағатты ұстаз, білікті бапкер Жарықбаев Темірбек Дүйсенбайұлын еске алуға арналған баскетболдан 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнирде көрші өңір баскетболшыларының бағы жанды. Дәстүрге айналған Темірбек турниріне 7 команда қатысып, жүлделерді сарапқа салды. 
Темірбек Дүйсенбайұлы ел егемендік алған жылдары аудан спортының өрлеуіне өзіндік үлес қосқан бапкер. Облыс баскетболын биік тұғырға көтерілуіне аянбай еңбек ете білді. Бүгінде білікті бапкердің артында қалған шәкірттері ізін жалғап келеді. 
Сонымен жарыс қорытындысы бойынша:
1 орын - Түркістан қаласы
2 орын - Жаңақорған командасы
3 орын - Қызылорда облысы
Жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің медальдарымен, грамоталарымен және демеушулердің тағайындаған бағалы сыйлықтарымен марапатталды.


17 желтоқсан 2019 ж. 882 0